- Ало, Садко қайдасың?
- Куала Лумпурдамын ғой, брат!
- Қоое, маладес! Қашан кетіп қалғансың?...
Бұл осыдан екі ай бұрын болған еді.
- Ало, Садко қайдасың?
- Таиландта ғой, брат!
- ***i, жынсың ба, не бәле....?!:))))))))
Кеше, жүгімді жинап Сингапурға кетем деп отырған жерімнен Таиландқа барғым келіп, Pudu Raya халықаралық вокзалынан Таиландтың Хат Яй қаласына билет ала салдым. Кештетіп үлкен автобусқа отырдым да кеттім. Қандай мақсат дейсіз бе? Мақсат жоқ сол, ары-бері қарап, теңселіп қайтуға ғой. Шекараға жеттік. Малайзияның шекара қызметі бір қырсығып тұрып алды дейсіз, ашуланғаннан өзімде беймәлім керемет күй кештім:) Одан құтылып Таиланд шекарасына жеттік (Осы арада виза жөнінде жедел ақпарат берген Мадлен мен Бальзамға рыспек). Қалтадан 8000 теңгені қағып алды да 3 минутта виза жасап шекарадан ішке өткізіп жіберді. Сумкамды ақтарған да жоқ. Әйтпесе, ішінде асхана пышағы, қайшы, балта, айыр сияқты өткізбей тоқтатып қоюға себеп болатын заттар бар еді. Олар барын жаңа ғана білдім:))
Сонымен 8-9 сағат жүріп Хат Яй қаласына кіріп келдік. Куала Лумпурмен салыстырғанда кіші, әрине! Жалпы Таиландтың Банкгоктан басқа қалаларында 300 000-400 000 адамнан аспайды. Көшелері тар екен. Бір жақты жол. Жол жөнекей бұрыштарда будда мүсіндерін көптеп көресіз. Былайша айтқанда Малайзиядан қатты айырмашылық жасайды. Таң қалғаным, Таиланд осы өңірдегі мүлдем басқа елдің отарына түспеген бірден-бір ел екен. Жааап-жасыл ел. Ағаштан көп нәрсе жоқ. Келгеніме 2 сағат болды. Әзірге көргенім осы ғана:) Мынау енді, сол баяғы - мен (Жергілікті интернет кафелердің бірінде. 4 этаж) ;)
Ощм, хабар күтіңіздер, достар:)