Тышқандар ірімшікті ұнатпайды!

Тышқандар ірімшікті ұнатпайды!
жеке
блог

Британдық Манчестер университетінің ғалымдары  (Manchester Metropolitan University) шын мәнінде тышқандардың ірімшікті ұнатпайтындарын мәлімдеген. Олардың ұнататындығы жайлы қате түсінік халық арасына «Том и Джерри» секілді мультфильмдер арқылы тараған.

Зерттеу нәтижесінде, ғалымдар тұжырымымен, Ассошейтед Пресс хабарлауына қарағанда, тышқандар көбінесе құрамында қанттың мөлшері көп саналатын тағамдарға жүгінеді. Зерттеушілер бұл тұжырымды толыққанды бекітеді. Яғни, кеміргіш жануарлар астық (бидай) пен жемістерді жақсы көреді; ал ірімшік тәріздес қатты иіс пен дәмі бар нәрседен олар бас тартады екен.

Жануарларды зерттеу бөлімінің маманы  (Manchester Metropolitan University) Дэвид Холмстың айтуынша: «Тышқандардың  ірімшікті ұнататыны әййгілі әбестік екені айдан анық. Тышқандар эволюциясында ірмшікпен немесе сол тәріздес тағаммен мүлде жолықпаған».

«Тышқандар иіске, тағамның структурасы мен дәміне ілтипат етеді. Ал ірімшік олардың табиғи қоректенуі ортасында «ұғылмайтын» тағам болмақ. Сондықтан да олар ірімшікке мүлдем ілтипат білдірер емес еді», - деп жеткізеді «Телеграф».