Тырналар тізбегі..
жеке
блог
блог
***
Өткен күн өткенін сезінем,
Көктемнің жеткенін сезінем,
Өзіңді,Өзімді,Сезімді,
Сол бір Күз ап кетті өзімен.
...Ұран сап сезімдер сіздегі,
Тұр аңсап шаттықты күздегі,
Бір-ақ сәт жалғаннан жерініп
Сағынып тұрсыз ғой Сіз Мені!?
Тоңдырған тым суық күз лебі,
Күз лебі үмітті үз деді.
Маған да мәлім ғой барлығы:
Жанарың жақұтын үзіп еді-
(Жаңа мұң «бақытын» іздеді..)
Аямап еді ғой күз мені,
Аямап еді ғой мұз демі.
P.S.Есіме салып тұр ал бүгін-
(Барлығын...)
Тырналар тізбегі,
Тырналар тізбегі.....
2013 Ә.І.