Стивен Кингтың әр киносы мен кітабы болсын осындай бір күрделі оқиғаға, адам күтпейтін кейіпкерлерге толы болады. Басында ойлайтынмын осыншама қиялилықта адамға ақша мен табыс әкеле алады екен деп, дегенмен оны шеберлікпен жеткізе білуде үлкен өнер ғой. Әйтпесе қаншама қияли бар, жынды деген атқа ие :). Бір сұхбатында Стивен Кинг: "өзім ойлап тапқан кейіпкерлер өзіме маза берер емес, түсіме кіріп өзімді де қорқытады" деп мойындапты. Енді ше, кеше көрген Телекинез (Кэрри) фильмі адам ойына келмейтін кейіпкердің өмірін бізге ұсынды.
Мектептің соңғы сыныбында оқитын Кэрри мен анасын елдің бәрі бір түрлі санайтын,
Кэрри мектеп бітіру кешіне мектептің ең сымбатты жігітінен шақыру алып би кешіне бармақшы болады. Қарсы болған анасын, бөлмесіне қамап тастап өзі тіккен әдемі көйлекпен кетеді. Жамандықты бір жасап қалған сыныптастары Кэрриге сорақы сый дайындап қойған еді. Бәрі де осы сәттен басталады...
Өзінің мүмкіндігі мен қасиетін саралап, дұрыс бағытқа қойып үлгермеген Кэрри өзін ренжіткендердің бәрін қырып салады...
Кино да, отырған кезде әр сәтте енді не болады деген қорқыныш адамды билеп отырады, сәтті таңдаған музыка адамның қорқу адреналинін арттырады... Бірақ, кино тез бітіп қалған сияқты әсерде қаласың... Барып көруге кеңес берем, біраз ойыңызды алан-сапыранға түсіріп қайтыңыз..
Әлемді мейірімділік пен адамдық билейді, қате кеткен кезіңде өз уақытыңды тоқтай алған дұрыс дейтін сияқты. Қазақта айтады, тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа деп...