Түйіп барсам ба, жайып барсам ба?
блог
Сәлем, Массагет! Өткен - кеткен мерекемен шын жүректен құттықтаймын!!!
Мереке күндері абыр - сабырмен жүріп, компьютерге қолым жеткені осы! Бүгін мен шаш туралы әңгімелемекпін... "Ол тақырыпты қайдан қоғадың?" десеңіздер, баяндап берейін...
7 наурыз күні туыстарымыздың тойына баратын болып, үй ішімен жиналдық. "Қыздың көркі - шаш" екені баршаға мәлім шығар. Ал мереке күндері, әсіресе тойға жиналғанда кез - келген қыз айнаның алдында тұрып: "Шашымды қалай істесем?" деп басы біраз қатуы ықтимал. Менде сондай қыздардың қатарындамын. Көйлегімді киіп алып ары ойландым, бері ойландым. Ақыры мынандай шешімге келдім.
Сол күні сабаққа бұйра шашпен барғанмын, алайда кешке дейін түсіп кетті. Енді не істесем? Түйіп тастайын десем, көйлегімнің арқасы ашық. Сосын былай істедім:
1. Еңкейіп тұрып, шашқа арналған мусс жағып, біраз көтеріп алдым;
2. Қара кішкентай "невидимкалармен" шет - шетін ортаға қарай әкеліп қыстырдым (шығып кетпес үшін);
3. Ортасынан бастап "колосок" етіп өрдім;
4. Ал шашымның төменгі бөлігін қалдырдым да, оны плойкамен бұйраладым (алдынан қарағанда, арттағы шаш көріну үшін тағыда шашқа арналған муссты бұйраланған ұшына жағып, көтеріп қойдым);
5. Ең соңында: шашқа арналған лакпен қатырып тастадым;
Міне, осылайша бірнеше мәселенің басын шешіп алдым: 1. модадан қалмадым. Себебі, қазір өрілген шаштар сәнді (ол туралы келесі постымда жариялаймын); 2. Көйлегімнің арқасы ашық екені білінбей қалды; 3. Алдынан қарасаңыз, шашым жиналып тұрғандай, сол себепті акцент алқам мен сырғама түсті; 4. Ыңғайлы; 5. Басымды жуып, уақытым кеткен жоқ :-)))
P.S. Бұл шаш үлгісін мен өзім ойлап таптым :-) Алайда, сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Себебі, келесі ретте асықсаңыз, мен сияқты көп ойланбай, мүмкін осы әдісті пайдаланарсыз))) (Суртке тойдан келген соң түстім, шашымның біраз түсіп қалған кезі).
Айтпақшы, келесі жолы "сәнді шаш үлгілері" туралы мақала жариялаймын...