Тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру

Солтүстік Қазақстан олбысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізіліп жатыр. 

Көптеген адамдар күнделікті сауда жасауда, сондай-ақ өзге де қызмет түрлерін пайдалануда алып тұрған тауарының бір жақты ғана келісім-шарттың жүзеге асып тұрғанын аңғармайды. Осындай немқұрайлықтың нəтижесінде, сапасыз тауар сатып алудың құрбанна айналып, қызмет көрсетудің төмен деңгейіне тап болғанда өз құқықтарын қорғай алмай жатады.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанның өзге аймақтарымен салыстырғанда, Солтүстік Қазақстан облысында сапасыз тауар тұтынушылар санының көптеп артуы нəтижесінде 74% құрап отыр. Сондай-ақ, арнайы чек пен баға көрсеткішінің сəйкес келмеуі негізінде де жиі заң бұзушылық тіркелген. СҚО орын алған келеңсіздіктерді реттеу мақсатында, 2020 жылдың ақпан айында əлеуметтік заң тұрғысынан көмек көрсету кабинеті жұмыс жасай бастады. Атаулы көмекті 200 ден астам адам қолдана алады деген жоспар бар.

Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі қолдауымен, КЕАҚ "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" мемлекеттік грант аясында жəне ЖҚБ "Белсенді жастар" негізінде ұйымдастырылып отқан бұл жобаның қажеттілігі жоғары. Басты мақсаты - тұтынушының құқығын қорғау аясында əлеуметтік əлсіздік танытқан топтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 А, кеңсе 1 (1-қабат).
Дүйсеебі-жұма аралығында сағат 10.00-17.00 аралығында жұмыс істейді.
Сондай-ақ, 87152531594, 87756871201 номерлері мен nposko@inbox.ru арқылы кеңес беріледі.

Төтенше жағдайға байланысты Карантин кезінде тұрғындарға онлайн түрде ақпарат көрстіледі. Халық тарапынан төлемдер мен жəрдемақыға байланысты, құжаттар мен анықтамалар алу, мекемелер мен ұйымдарға өтініш жазу сынды туындаған сұрақтарға жедел жауап беру мақсатында WhatsApp мессенджері іске қосылды. Тұрғындарды толғандырған жүзден аса сұрақтарға жауап берілуде.

Тұрмыстық техникалық тауарларды сатып алушылардың құқығы, тауарды қайтарып беру, пойыз билеттерін өткізу жəне де өзге жайттарға байланысты заң тұрғысынан 22 кеңестер көрсетілуде . Көптеген өтініштерді қарау барысында істі сотқа дейін жеткізбей шешуге мұрындық болуда. Мемлекет аясында тұтынушылардың құқығын қорғау жобасы жұмыс істей бастағандығы туралы телеканалдар мен əлеуметтік желілерде ақпараттар берілді. "Ұялы телефондар мен Гаджеттерді қайтарып беру", "Тауарды қайтаруға жəне ауыстыруға болмайды" тақырыптары бойынша ақпараттық танымдық лайфхактарға негізделген видео жазбалар көрсетілді.

Сонымен қатар, осы жылдың күзінде аталған жоба аясында Заң мамандығында оқитын студенттерге Құқықтық мектеп бойынша білім беру жоспарлануда. Тұтынушыларға сотқа дейінгі немесе сот кезінде өз құқықтарын қорғай білуді үйрету мақсатында арнайы заң мамандары өз білгендерімен бөлісіп, тəжрибелік кеңестер беретін болады. Бұл жұмыстарды жүзеге асырудағы басты мақсат тұтынушылар сауда жасауда жəне қызмет түрлерін пайдалануда өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, заң тұрғысынан сауаттылықты арттыру.



Бөлісу: