Туту-белдемшесін қолдан тігу. Сәнді әрі үнемді.

Туту-белдемшесін қолдан тігу. Сәнді әрі үнемді.
жеке
блог

Қажет болғанда адамның басы, қолы да істеп кетеді екен. 


Қазір туту-белдемшелері сәнде. Оны басқаша пачка-белдемшесі деп те атайды. Бағасы интернет дүкенде 15000 теңге. Ал киім көрмесінен 10000 теңгеге көрдім. Бәлкім, қажетті маталарды сатып алып, қолдан тіксе үнемдірек болар деген ой келді. Еңбек пәнінен сабақ беретін жеңгем «түк қиыны жоқ» деп, тіге алатынын айтты.

Сонымен мата сататын бутикке келдім.

Матаның түр-түрі, түрлі-түстісі тұр. Кейінгі кездері маған ұнап жүрген пурпур түсті фатин да бар екен. Ал астыңғы матасына (подклад) индиго түсін таңдадым.


Фатин-1 метры-350 тг, мен 3 метр алдым =1050тг
Трикотаж-Бифлекс-1 метры- 1300 тг, мен 70 см алдым =780 тг
Резеңке - 65 см-75 тг
Жіп – 70 тг
Барлығы: 1975 теңге


(Негізі подкладқа атлас мата дұрыс)

 

Тігу процессі басталды

Мінеки, белдемшеміз дайын болды 

Туту- белдемшесін қалай тігуге болатынын мына видеодан көріп, біле аласыз.

Айтпақшы, шамалы қалған мата да далаға кеткен жоқ.

Мынандай сүйкімді бабочка мен шашқа арналған резеңке жасадық. Бабочканың қалай жасалатынын мына видеодан көрулеріңізге болады.

Белдемшенің түсіне үйлесетін білезікті қолдан жасайын деп шештім. 

 

 

Моншақ - 250 тг
Леска-резинка- 1 дана- 200 тг
Барлығы: 450 тг

 

 

 

Жасау оп-оңай екен ғой.

Мүмкін сіздің де қолыңыздан іс тігу, әшекейлер, бұымдар жасау келетін шығар? Өзіңіздің тағы бір қырыңызды байқап көріңіз. Кәсіп қылып, пайда тауып кетпесеңіз де, өзіңізге қажетті дүниелерді жасап аласыз. Және сыйлыққа да шығынданбайсыз.

 

Далада қар жатып, күнтізбеде қаңтар айы болса да, өзім көктемді бастап кеттім))