Түстеріңізге сенесіз бе?
жеке
блог
блог
Түс - адам өмірінің ажырамас бір бөлігі. Адамның таңертең оянғаннан кейінгі көңіл-күйі түске байланысты болатыны кездейсоқ емес. Біреулер бейтарап қарайды, біреулер түске сенеді.
Ал сіз түстің адамның өміріне тікелей байланысына сенесіз бе?
Өз басым, сенемін. Бұрынғы кезден бері түсті тәжиребесі мол, ойға көсем, сөзге шешен ақсақалдарға жорытушы еді, бекер емес шығар? Мысалы, түсіңде жылаған болсаң - өмірде қуанасың, кір болсаң – бай боласың, бала ұстасаң – ауырасың, деген болжамдарды ата-апамнан естіген едім. Бірақ, сөздің шыны керек, болжамдары мен жортулары орындалып жатады.
Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда, ғалымдар – адам түсінің 79%-ы ойлаған ойына байланысты болады деген екен.
Алайда, бұл мен үшін, белгісіз бір құбылыс болып қалуда...