Түсінісу теоремасы
жеке
блог
блог
Американдық жазушы Хелен Анделиннің кітаптарын оқып адамға қажет бір жақсы мінез-құлық таптым:
- Әр пенденің тек жақсы жақтарын бағалап, сол қалпымен қабылдау. Барлығымыздың да жаман да жақсы жақтарымыз бар себебі.
- Өміріміз сан алуан болғандықтан, сол өмір жолымызда көрген-түйгенімізге қарай пікіріміз қалыптасады. Сол себепті, “бәленше қалай ғана солай ойлайды” деп айтуға немесе “сенің бұлай істегенің дұрыс болады” деп те күнелікті кеңес бере беруге асықпау. Ол адамның пікірімен қосылу не қосылмау деген емес, бұл Мұхтар Шаханов ақынымыз айтқандай түсінуге тырысу.
Түсіністік танытпағанның салдарын Мұхтар ағамыз өзінің “Түсінісу теоремасында” айқын көрсетеді
Қартайғанда түсiнiспей, әттең-ай,
Жолымыздың қырсыққанын қарашы.
Дей алмаймын: "Маңдайымның сорысың...
Қамқорым боп создың қанша қол ұшын.
Бipaқ менi түсiнбедiң.
Түсiнуге және де
Тырыспадың...
Кешiрмеймiн сол үшiн,
Кешiрмеймiн сол үшiн...
Қарапайым өмірді қалаған Лев Толстойға жұбайының қарсы шығуы осындай жағдайға әкелгенін көреміз.
Және де мысалы, екі жігіттің қол ұстасып кетіп бара жатқанына біз қалай қарар едік? Бірақ, кейбір елдерде мысалы Африка, Үндістан, немесе Сауд Арабия жақтарында екі ер жігіттің қол ұстасуы үйреншікті әдет, бұл олардың дос екендігін танытатын белгі. Сол себепті дүниежүзілік Белмонт мәлімдемесі әр елдің мәдениетін және әдептік нормаларын түсінуге тырысуымызды міндеттейді.