Түсінші менің жанымды....

Түсінші бала! Түсінші менің жанымды,
Сені аңсаумен атқызамын таңымды,
Сені ойлай күні-түні қарғам-ау,
Түр-түсің мен кірпідей болған шашыңды.
"Сен келді!" дегенді естігенімде,
Жүрек дүрсілдеп кете берді бір сәтте,
Жүгіріп барып асылар едім мойыныңа,
Жетпеді қайрат, күш-жігерім ей, Әттең!
Сені мен көргенімше ентігіп-ау,
Көргенде өзгеріпсің тентегім-ау,
Сүйкімді бола түстің, бойың өскен,
Ал жан-дүниең қандай екен, қандай екен.
Қарадың ба бұрып бас пен мойыңды,
Білгенде ғой сол кездегі ойыңды,
Арманым менің болмас еді егер мен,
Қатты қысып, иіскесем сенің қойныңды.
Шыдау керек, тек қана шыда, шыда,
Жоқ! шыдаумен жарылармын...мен бұданда,
Топыраққа көмілгенім жақсы емес пе?!
Дегенмін сені ойлай жылағанда...

 

 

P/S:Сәлеметсіздерме массагеттіктер!!Бұл менің алғашқы жазбам...Пікірлеріңізді қалдырыңыздар?)



Бөлісу: