Кейде жәй бір адамдарды түсіну үшін бәрін ашып айту жеткілікті. Бірақ, сол ашып айтуға неге соншалықты қысыламыз? Айтқым келген, естігім келген сөздер нақты айтылса ғой... Жәй ғана "сен, маған осылай ұнайсың" немесе "мен сенен мынандай жағынан кемшілік көрем", "сенің мына жерге ақылың жетпей жатыр" немесе " сен, бұл орынға лайық емессің, себебі дұрыс жасамайсың" немесе "жәй ғана мені тыңдашы" осы сөздерді айта білуге неге сонша жасқанамыз. Мүмкін сіздер жасқанбайтын шығарсыздар... Мен, жасқанам... Бұл жасқаншақтық менің әлсіздігімнен не болмаса менің нашарлығымнана келмейтін шығар. Жәй ғана ол адамға үйренбегеннен де келуі мүмкін ғой.... Мүмкін бұл өте үлкен кемшілік шығар... Иа кемшілікті айта білу, сезімді білдіру әлсіздік немесе намыстың, өзіндік бағалаудың жоқтығы деп те түсінеміз. Бірақ, адамның бәрі намысшыл бола берсе, кешірім мейірім қайдан келеді? Әлде басқалай қарағанда жалған намыс кімге керек???
Мені ешкім ұрып көрген жоқ, мені ешкім бетімнен қағып көрген жоқ, маған ешкім айқайлаған жоқ, мені ешкім тастап кеткен жоқ, мен ешкімнің артынан жүгіріп көргем жоқ... Бұл дәлелдемелердің бәрі не үшін? Жәй ғана өзіңді басқалардан жоғары санау??? Ваще, былайша айтқанда СЕН КІМСІҢ өзіңді жоғары санайтын өзгеден. Басқа адамдар не сенен төмен тұратындай сен сияқты адам емес пе? Неңе сеніп өзіңді жоғары санайсың??? Әлде не олардың өзіндік сезімі, намысы, мақсаты, артықшылығы, ерекшелігі жоқ деп ойлайсың ба???
Өз орныңды білген жөн, сен бағаламаған адам мүмкін басқа бір адамның қолы жетпей жүрген алтыны шығар... Қолынан бұл іс келмесе ол басқа істі сенен жақсы білетін шығар.... мүмкін ол өз ортасының гүлі шығар...
Солай қарағым өз орныңа түсе ғой. Сен мені түсінбейді деп жынданғанша өзің оны түсінуге тырысып көрдің ба? Әлде өзіңді түсінуге мүмкіндік бердің ба??? Осы жағын ойландың ба???