Түсініксіз өлең

түсініксіз өлең


Сабырым судай болып құмға сіңді.
Тау-тасқа енді ұрамын қу басымды.
Бүгінде тұрса -дағы жүрек соғып
Елеспін, сағымданған сұлба сынды.

Өзімді мүжимін кеп сүйек сынды,
Санама қайғы уытын жиі ектірді.
Түйіні шешілгенде біреуінің,
Бір мәлесе
Иығыма иығын тіреп тұрды.

Қайтейін, қайғы басса көкейімді,
Қайтейін, санам мұңға көп иілді.
Амал тап,енді ойлан,әрекет қыл,
Қайғыдан арылатын табылса жол
Ол жолды өзге жолдан сара деп біл.

Өз-өзіме ақыл айтам,
Ақыл айтам саралап,
Сол ақылдан іздемеймін дара бақ.
Ақылыма амал етіп жүргем жоқ,
Ақ ақылым болып кетті қара дақ.

Таңым атып, күнім батып, кеш кіріп,
Әр күнімнен әр түрлі әуен естіліп.
Санама кеп ұялайды сұрақтар:
Жүргеніме қанша болды ес біліп?
Жадың да әлі жатыр ма әлде ескілік?
Кейде-кейде арман келіп алдайды,
Кейде келіп тербетеді ескі үміт.

Қайтем оған, қиялға шын алданып,
Қарау керек қадам басып алға нық.
Жаратқаннан тілерім сол менің де:
«Жолдарымды ақиқатқа жалға тік».



Бөлісу: