Түсініксіз қызық күйдемін...

Ия түсініксіз күйдемін...МЕн. Соңғы кезде өзіммен өзім арпалысып жүрмін. Сіздерде мұндай күй бола ма?! Ұғар емеспін... Әдетте ішім пысса шашыммен ойнаушы ем-кекіл қиып не болмаса ұзындығын кесіп тіпті басқа түске бояп та қоятын ем..Қазір телевидение саласына келіп оған да қорқып қалдым.Күнде болмаса да аптасына екі рет эфирге шығатыным бар...түрлі-түсті шашпен де шыға алмайсың! Жұмысым өзіме қатты ұнайды..әр ісімнен рахат алып махаббатпен жасаймын. Бірақ соңғы күндері шаршап жүрмін бе..шаршап жүрмін деп те айтқым келмейді себебі шаршау деген менің ұғымымда жоқ, лексикамда қолданылатын дүние емес...десек те "бірдеңе" болып жүргені анық..Ғашықтық деп жаба салайын десем анығы ол да емес..мүмкін ұнатып жүрмін.Бірақ әдетте мен сезімге беріліп біреуді ұнатып жүрсем ерекше "қуып-құлпырып" кететінім бар ық ық ық...ЖО-жоқ рас. Ұйқым қанбай жүр ма деп те ойлап қарадым.Себебі тым кеш жатам күнде 4-5те жатып таңертең 9,20да жұмыста боламын. Енді ойлай беріңіз 8,10да тұрған адам қайтадан дем алмаса... Бірақ бұл бұрыннан бергі келе жатқан режим. Ұйықтасам өмірден "қалып қоярдай" сезінем өзімді. Тіпті көзім ілініп бара жатса да қимааааймын. Құдай ау..

Енді мына күйдің себебін анықтай алмай жүргенім. Әдетте агентте құұұр отырушы ем "невидимде". Қазір ол да жоқ. "Ұнайтын" жігітке бір көрініп шығам да қайтадан кірмеймін...На зло хехехе. Іздесін деп қоямын. Музыкамен алдап қоямын өзімді. Музыка- менің жанымның емі. Айқайлап рахаттанып ән айтып бүкіл "ауруымды" шығарып алушы ем..Үйде ешкім жоқта/// Ондай бақытты сәт болмай жүр асылында/// Бәлкім сол да себеп болған болар.

Құрбыларымның суреттерін қарап қоямын.Отбасын құрғандарға қызыға да қызғана да қараймын. "белая зависть" қой меніңкі/// "Жұғысты болсын" деген/// Жүрек сол күнді-сол жанды көргісі келе ме кім білсін/// Ел күлсе де қыз мұраты-кету. Пішту не айтсаңдар да.

Қысқасы жаным тыныш табар емес. Өзіме не керегін білемін бірақ не болып жатқанын білмей жатырмын. Адами фактор жетіспей тұр ма?"/// Рухани құндылық-музыкамен қауыша алмай жүрмін ең сорақысы. ЭЭЭЭЭхххх біреумен бөлісу керек "ощм"!!!! Қазір де жұмыста мың сан ойда отырмын. Шақшадай басым шарадай болып. 21ге келдің деген осы,апа ,деп қоямын хехех



Бөлісу: