Түсініксіз

Түсініксіз
жеке
блог

Қан, тамырымда тулап, бойымда айналып жүрген - қан. Адам. Жүріп келемін, шеті де шегі де жоқ саябақ. Жолдар. Біздің өміріміз жолдардан тұрады. Бірақ қандай?! Білесіз бе ? Білмейсіз. Неге?  

Арманға ерік беріп, ойларым сан тарапқа ұшқанда қайта оралмас ақ құстай кете береді. Армандаған жақсы ғой, жанымды рахатқа бөленеді. Кей кездері болашақты, кейде ақылға қонымсыз дүниені ойлаймын. Осы адам неге болмайтынды ойлап басын қатырады екен? Бірақ маған ұнайды ғой, ал сізге ше?

Жаз. Теңіз жағалауы, бетіме ескен самал жел мені өзімен бірге елітіп апарады. Көгілдір түсті, жеңіл, жұқа шифон көйлектің етегі теңіз суына малынып келеді.  Күн батып барады, оның сәулесі теңіз бетіне түсіп, ғажайып көрініс сыйлап тұр. Теңіздің үні... Сезіп көрдіңіз бе? Табанымның астындағы жұп-жұмсақ құм мені өзіне тартып жүрісімді қиындатты, бірақ сонда да жағымды. Бірде, жағалауды тұрған орындықты көрдім, ағаштан жасалған ескі орындық, құдды бір армандасын деп арнайы әкеп қойғандай. Отыра кеттім, тамаша, жүріп көріп келе жатқаным түк емес екен. Ғажайып мұнда, мен отырған жерде. Қарасам, көгі мен қызғылты араласып, сарысы жылу сыйлаған күн бір-бірімен арпалысып, тартысты өмірдің мәнін ашуда. Жағаға жетер жетпес күшпен келіп не кетіп тұрған толқын. Мені махаббатқа орады. Мен ғашықпын. Ия, дұрыс мен сезімге ерік бердім. Бірақ олай болмаушы еді ғой. Неге екен?! Табиғаттың әсері. Қызығы, кімге екені белгісіз. Оны сіз де, мен де, басқасы да , жалпы өмірдің өзі де білмейді. Сіз сондай адамға жоқ әлде дүниеге немесе жалпы ойыңыздағы белгсіз жанға ғашық болар ма едіңіз? Мен ғашық болдым. Ол өзгелерден ерек. Сымбаты жердегілерге тән емес, дейсің. Оның іс-әрекеті көзқарасы мені байқамауы, тіпті тамаша. Ғажап , сұңғақ бойына қарап тұрып ханзада ма дерсің. Бірақ... Ол қайда? Жоқ. Әлде... Бар, неге жоқ деймін олар бар ғой ешкім көрмесе де мен көремін ғой, жүрегіммен сеземін ғой. Түсініксіз. Маған түсініксіз дүние, сізге қалай түсінікті болсын. Алайда, маған түсініксізді түсінген ұнайды. Дегенмен, қиын екен)