Бір керек қағазымды іздеп жатып, осыдан 5жыл бұрынғы қойын дәптерімді тауып алдым, қайдан, қай күні жазғаным есімде жоқ мына бір жолдарды жазып қойыппын.
Түсінгенім...ешкімді қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың. Жақсылығыңды аяма,қалғанын өздерін біледі
Түсінгенім... сенімге кіру үшін жылдар керек,сенімнен шығу бір-ақ сәт.
Түсінгенім...өмірде қолда не бары емес,сол жағдайда не істегені маңызды
Түсінгенім...сөз қайтару,ойланып сөйлеуден жеңіл
Түсінгенім...кіммен қоштассаң да жылы шырай таныт,өйткені.онымен соңғы рет кездесіп тұруыңмен мүмкін.
Түсінгенім...егер сезімдеріңді басқара алмасаң сезімдерің өміріңді басқарады.
Түсінгенім...кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де сезімдерін қалай білдіру керектігін білмейді.
Түсінгенім... екі адам бір нәрсеге қарап екі түрлі нәрсе көруі мүмкін.
Түсінгенім...жақыныңды ренжітпеу мен көзқарасыңа берік болудың арасындағы сызықты табу қиын
Түсінгенім...ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін,оларды кеш білу керек
Түсінгенім... кейде біреуді кешіру жеткіліксіз,өзіңді де кешіре білу керек
Түсінгенім... жүрегің қанша жылап сыздасада да дүние сен үшін тоқтап қалмайды.
Оқып отырып расыменде солай екен деп түсіндім.Менім осы жасқа келіп менім түсінгендерім.
Дәл қазіргі уақыт ешқашан қайтып оралмайтынын....
Досыңның адал болуы өзіңе байланысты екендігі...
Кеудедегі қорқыныш үрейдің жеңіп шығатындығы...
Ұсақ дүниенің бір керекке жарайтындығы, өмірдің бір бөлшегіне айналатындығы...
Адам өзінің бақытты күндерін өткізіп жатқандығын сезбейтіндігі....
Көп нәрсенің қадірін уақыт өте келе бағалайтындығымды...
Адамдардың өзіндік бір себептеріне байланысты екі жүзді болатындығын...
Түсінбей жүрген нарселерім көп әлі.Ал сіз нені түсіндіңіз мына өмірде осы жасқа келіп ?