Түсінесіз бе?

          Әр адам- бөлек дүние, жеке әлем, дара тұлға,ерекше пікір иесі. Адамның жанын өзінен артық ешкім түсіне алмайды. Міне, осы мәселе ары қарай дамып, өркендеп, өмір сүруге кедергі болады. Жаныңды қинаған мәселені,тіпті,мәселе деп атауға келмейтін, болмашы нәрсені де ашып айта алатын жаныңа жақын жан болуы заңды.    Ол сені түсініп қолдап, демеу береді. Ата-анаңнын орнын баса алмас дегенмен жаныңның жарты бөлшегіне айналары хақ. Жо-жоқ мен сізге  өміріңізге серік болатын жанды айтып отығаным жоқ. Менің айтып отырғаным......

       Мен осы күнге дейін айналам толы тек өзін ойлайтын жандар, менмен адамдар деп ойлаушы едім. Онымен кездескелі ойым өзгерді. Мен ешкімге сеніп сыр ашпаушы едім. Дегенмен, арамызды бөлген шақырымдар менің оған деген сеніміме серкеу түсіре алмады. Мен осы күнге дейін бір қолдауды, бір махаббатты аңсаған едім. Бүгінде осы шақырымдар менің қолдаушым, махаббатым, сенімді серігім, жанымның жарты бөлшегі, құрбыма айналды.

        Ол маған:"Айтпа маған сырыңды. Ол сыр менікі емес сенікі.Мен елге жаяды деп қорықпайсыңба?Онсызда бәлен адамның сырын арқалап, суға толған шардай болып жүрмін.Қашан жарылып бүкіл дүние жүзін басқан селдей болатынымды біле аламай жүргенде, бұның несі. Айтпа!"-, деседе боларда болмай бар сырымды жайып тастағам.Сол кезде не сезіндім дейсіз ғой.Бір ерекше күйде болдым. Бір жеңілдеп, өмірге қайта келген күнәсіз сәбидей сезіндім.Мені түсінесізбе?

         Жоооқ сіз мені түсінбейсіз.Мені тек сол  ғана түсінеді. Себебі менің бар сырымды білетін сол.Сыр дейтіндей алып бара жатқан сыр емес. Біақ сіз мені түсінбейсіз.Ойыма келген бұл сөздеді не үшін жазып отырғанымды да білмеймін.Сіз түгілі өзімді-өзім түсінбеймін.Бірақ ол-мені түсінеді.

Ол деп отырғаным кім екенін білесізбе?

Ол-ӨЗІМ. 

Мына шексіз ғаламда- мені түсініп қолдайтын, тура жолға салатын ӨЗІМ. 



Бөлісу: