Түсінесің бе, жылауық...

   Кеше бүгінгіден жалығып, бұрынғының киносын көргім келді. Содан қолыма түскені Ресейдің «Старики-разбойники» киносы болды. Режиссері бәріңізге танымал Эльдар Рязанов. Бұл киноны теледидардан алып-жұлып тек арасын көргенім болмаса, мән беріп қарағаным осы. Қандай тәрбиелік мәні бар кино десеңші. Содан ойланып ех бұрынғының адамдары-ай дедім. Қарттық келсе де, әлі күштері мол қариялар. Жұмыстарын бәрінен биік санайтын саналы азаматтар. Достық үшін жандарын беруіге даяр жандар. Кино болса да бұрынғының шындығы жатыр қарап отырсаң. Енді сол әдетімше, кинодағы ұнаған ойлармен бөліссем деймін:

* Адамдар зейнет жасының бейнетін көретіндер мен қалғандар болып екіге бөлінеді. Зейнеткер деп оның жұмыс істемеуі үшін оған ақша төлейтіндерді атайды. Қарттықты болашағымыз ретінде құрметтеуіміз керек. Өйткені, бағы жанған адам ғана қартаяды.

* - Сен менің оң қолымсың. Бүгін оны менен аяусыз шауып жатыр!

* - Үлкен кемеге, ұзақ жүзу.

* - Мен бастау алдым, енді артқа қайта алмаймын.

    -Егер сен мұны мен үшін жасайтын болсаң, қажет емес. Мен мұндай жақсылыққа лайықты емеспін.

   -Жоқ, сен лайықтысың. Сен бас әріптен басталатын үлкен адамсың. Мен сені сыйлаймын.

  -Менде сені сыйлаймын.

  -Түсінесің бе, жылауық, біз қарттардың да адам екендігін дәлелдеуіміз керек.

 * - Сен біздің адал адамдар болғанымызды қаламайсың ба? Қарттық кезде адамды бәрі мазалайды. Тіпті, ең оңбаған деген жанның өзі жақсылық жасай бастайды. Күнәсінан арылу үшін. Ал біз екеуміз адал өмір сүрдік. Енді адал жандар ретінде өмірден өтейік.

* -  Сонда менің құр босқа тырысқанмын ба?

* - Мен сіздің өтірігіңізден өлетін болдым.

- Адамдар ағынан жарылғанда, оған ешкім сенбейді. Неліктен екені белгісіз.

* - Есіңде болсын, мен түскі асқа бірінші және соңғы рет төлеп тұрмын. Түрмеде адам тегін отырады.

* - Сен өзіңді құрбандыққа шалып отырсың. Бірақ, мұныңды ешкім бағаламайды.

- Мен мұны біреу үшін емес, өзім үшін істеп отырмын.

* - Қарттық деген қуаныш емес. Бірақ, мұнысына қарамастан адамның көңілі әрқашан да жас. Тек оны өзгелер түсінбейді, елемейді. Сондықтан да адамды жасына байланысты қоғамнан сызып тастауға болмайды!

* Адамның жасы жылға қарап өлшенбейді. Бақыт та жасқа қарап келмейді. Еңбастысы өзінің жас екендігіңе сене білу!Сонда ғана бәрі де дұрыс болады.



Бөлісу: