Түсінбеймін...
блог
Мен түсінбейтін нәрсе көп негізі…
1. Бәрін көріп-біліп жүріп, “Қашан тұрмысқа шығасың?” деп сұрайтындарды түсінбеймін.
2. Агентте ағынан жарылып отырып, ертесіне сені мүлде танымайтын, өмірінде көрмеген кісі құсап өте шығатын “мой мирдағы достарымды” түсінбеймін.
3. Дипломы бар, өмірде көргені, түйгені, оқыған-тоқығаны бар кейбір “білікті” ұстаздардың “Сенен түк шықпайды! Қолыңнан ештене келмейді! Дарынсызсың!” деп жекігенін де, қолымнан ұрғанын да талай басымнан өткердім. Бір жапырақ қағаздың қарапайым ғана адамгершілікті ұмыттыратындай не құдіреті бар екен? Әлде, табиғатынан сондай ма? Түсінбеймін.
4. Тырнағы сынып қалғанын проблема қылатын құрбыларымды түсінбеймін.
5. Көмегім керек болғанда жердің астынан болса да тауып алатын таныстарым бар. "Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болуға даяр" адамдарды түсінбеймін.
6. “Денсаулық үшін” деп ішімдік ішетіндерді түсінбеймін.
7. Жолдың ортасын кесіп, жүгіріп шығатын жолаушыларды түсінбеймін. Өздерін аямаса да, өздері үшін өмірінің құні бір тиын болса да, ең болмаса жүргізушілерді аясашы. 8. Мұны неге жазып отырғанымды да түсінбеймін.
Түсінбейтіндерім көп негізі. Мүмкін…