Түсінбестік...
Тұтқасын көтермейдi...
Көтермесiн.
Олсыз да өтер күнiм, өтер кешiм.
"Қыз болған соң назы бар..." дей көрмешi,
Шыдамның да шегi бар.. Жетер, досым.
Еркелiктi бойына етiптi үлгi,
Қиялдары ойынан кетiп түнгi.
Ол екеумiз құраған махаббаттын,
"Түсiнбестiк" түбiне жетiп тынды.
Қиын боп тұр түсіну ізгі аруды,
(Ыза қысып сімірдім ызғар уды)
Қызғаныштан от бола жаздаймын мен,
Ал бірақ ол білмейді қызғануды.
Сығалайды дертімнің сынық емі.
Әлсіз етті сезімнің мұңы мені.
Байланысы үзіліп қос жүректер,
түңіледі....Жалғыздық үңіледі.
Кетер емес көзден-мұң, бастан-қайғы,
Алып-ұшып сезімім аспандайды.
...Моншақ жасым құлайды сағаныштан,
Ал ол оның кірпігінен жас танбайды.
Шыға келер асулар кенетiнен,
Шара таппай сезiмдi "шер" етiп ем.
"Қоштасайық" деп айтсам, ол өкiнбес,
Тағы да мен қиналып, мен өкiнем...