1. Барлық адамдар түс көреді. Тіпті сіз көрмедім деп ойласаңыз да. Тек адамның есінде ол түс қалмайды.
2. Тек туылғаннан зағип болған жандар ғана түс көрмейді. Олардың түстері тек дыбыс есту, сезу, түйсіну, иіс сезу сияқты сезімдермен шектеледі.
3. Түсімізде біз тек өмірімізде көрген жандарды ғана көреміз. Сіз, тіпті ол адамды білмесеңіз де, есіңізде қалмаса да, әйтеуір бір жерде кездестіргенсіз.
4. Адамдардың 12% жуығының түстері тек қара-ала түстерден тұрады.
5. Түс белгі береді. Егер сіз қатты армандап немесе бірдеңені қатты ойлайтын болсаңыз, түсіңіз де міндетті түрде соған қатысты белгі болады.
6. Түс көргенде жағымсыз эмоция жағымдыға қарағанда жиірек болады.
7. Түс көрген кезде айрықша танымал сезім - қауіп.
8. Ұйқының төрттен бір бөлігінде көз бейберекет (хаотичный) күйде болады.
9. Сіз ұйықтап жатқандағы сыртта болған жағдайлар сіздің түсіңізге де әсер етуі мүмкін. Мысалы, оятқышыңызда ән ойнап жатса, сіз түсіңізде концертте отырасыз))))
10. Еркектер түсінде 70% еркектерді көреді. Ал әйел адамдарда бұл пропорция 50/50.
11. Адам түсінде көргенін өмірде де көріп, дежавю сезімін өткереді.
12. Жануарлар да түс көреді.