Мен сабақта отырмын. Иа, мұғалімнен ұрланып әрнені интернеттен қарап отырмын. Мұғалімді тыңдамай отырғаным қателік шығар. Жоқ шығар емес-ау, қателік. Білемін, алайда, тыңдағым кеп отырғаны шамалы... Таңертен түс көріп ояндым. Кеше түнде мектепті ойлап жатқанға ма, білмеймін, әйтеуір мектептегі сыныптастарымның барлығы КазҰУда оқып жүр екен деп қоямын... Құр жүрмей терраристерден қашып жүрміз. Құдай-ау, қандай терраристтердің менің түсіме кіріп жүргендерін. Сол мен шығатын есік жабылып, соны аша алмай қиналып танертен шошып тұрдым. "Түс түлкінің боғы" дейді. Мына түсім расымен де жоруға жарамайды. Жә, бүгінгі күнім енді басталды. Өзіме-өзім сәттілік тілейін. Сіздерге де сәттілік, массагеттіктер! Мен секілді түсініксіз түс көрсеңіздер жорып әуре болмай-ақ қойыңыздар!!! Ең бастысы жақсылыққа сеніңіздер. Күндеріңіз сәтті, осы келер түндеріңіз тәтті болсын))))