ТҮС...

Түс...

Тірлігіме тамызып нәрін гүлдің,

Түнді,міне, тұмар ғып тағып жүрмін.

Мендік мөлдір сезімді сағым қылдың,

Сағындырдың... тағы да,

Сағындырдың.

 

Қол бұлғайсың басынан сағым қырдың,

Көріп Сізді өзгемен тағындым мұң.

Көзімді ашсам көргенім түсім екен,

Тәңіріме тоқтаусыз табындым мың!

 

Жанарыңнан жан сырын ұғып тұрмын,

Қабағымнан қайғыны жығып,күлдім.

Көргім келсе күн сайын түсіме еніп,

Өң МЕН Түстің арасын ұмыттырдың.

 

Жыр елімді жасытты бітпей мазақ,

Жүрегімді бұл күнде тістейді азап.

Басы әдемі басталар ертегідей,

Өміріміз болсыншы түстей ғажап... ?!!

                              Әлия*)  29.10.13 



Бөлісу: