Тұрыптың (редька) түрлі пайдасы

Тұрыптың (редька) түрлі пайдасы
жеке
блог

Тұрып (редька) Барлық жерде өсіріледі. Бұл көкөніс қала тұрғындары үшін таңсық болуы мүмкін. Тіпті, бұндай көкөніс барын білмейтіндерде баршылық. Ауылда мұны күнделікті ас орнына қолданыла береді. Ал мұның пайдасы мен емдік қасиеттеріне келер болсақ, тұрыптың адам ағзасы үшін пайдасы көл-көсір деуге де болады. Тұрып

Құрамында 13% құрғақ заттар, 2% ақуыз, 8,4% көмірсулар және С, В1, В2 және т.б. дәрумендер болады. Тұрып көбіне асқазан, ішек ауруларына, суық тигенде, ревматизм, радикулит, қан аздықта (анемия), ағзадағы зат алмасу бұзылған кезде қолданылады. Күнделікті ас орнына пайдаланып жүрген адамдарға күні бойына жететін күш-қуат (энергия) беріп, және асқорыту мүшелерінің жұмысын жақсартып, ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады. 

Тұрыптың шырынын бронхитте, жөтел кезінде және бүйрек ауруларында 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіп тұруы керек. 

Қан аздық (анемия) кезінде: тұрыптың, сәбіздің, қызылшаның шырындарын араластырып, 2-3 сағат жылы жерде тұруы керек. Содан кейін ас ішерден 15-20 минут алдын, 1 ас қасықтан күніне 3 реттен ішіп тұру керек. Емдеу мерзімі 2-3 ай. 

Жөтелден жылдам арылу үшін қара тұрыптың ішін ойып, ойылған жерге бал салып, 1 күн қойып қою керек. 1 күннен соң қара тұрыптан шыққан шырын балмен араласып тұрған болады. Соны ішсеңіз жөтеліңізден тез арада айығасыз. 
Қара тұрып
ЕСКЕРТУ: Тұрыпты мына аурулардың кезінде пайдалануға болмайды! 

1.Тоқ ішектің қабынуы 

2.Бауыр ауруларында 

3.Жүрек-қан тамырлары ауруларында 

4.Жүктілік кезінде көп қолдануға болмайды. 

P.S. Бүгінгі кеңесім керектеріңізге жарап қалар деген ойдамын. Еңбегім лайкка лайық болса лайк басып, өз ойларыңызда жазып кетуді ұмытпаңыздар. Алда тағы да жасыл дәріханадан жақсы кеңестер күтіңіздер.