Тұрмысқа шыққың келе ме?!

Тұрмысқа шыққың келе ме?!
жеке
блог

   Қызық, ә!  Менің жазғы демалысым  осы бір  тіркестен бастау алды. Қонаққа шақырған туған-туыс, дос  жаран,(құда,жекжат)  бәрінің мені көрсе осы сөзді айтқысы келіп тұра ма, әлде менен кіші сіңілілерім (тұрмыс құрып) кетіп қалған соң мені кәрі (отырып қалған ) қызға ұқсатып жүр ме, түсінсем мұрнымды кесіп берейін.  

 Иә, әкемнің де « Қыз қонақ, дәм тұзы жетсе қызымды ұстамаймын» деген сөзі жүрегімді тілгілегенін жасырмаймын.

 Ойланып отырмын. Әй, мыналардың  бет алысы  маған ұнамауда. ЧИМКЕНтСКИЙ   вариантпен мені ұзатып жіберсе таң қалмаңыз (бөлмені басыма көтеріп күліп алдым).  Әкемнің айтысы дұрыс ау, менің оған алып келген мақтау қағаздарым, алдағы жоспарларым, мәнсап қуамын деген қысыр ойымның  түкке де қажеті жоқ. ӘКЕМЕ ӨЗІ СЕКІЛДІ ҚҰДА ТАБУЫМ КЕРЕК(папаның көзі жайнап сала берді).

Сендірді. Көндірді. Көндім ендеше. Қыздар біздің жеңіс осы екен ғой.  Ата анамызға өздері секілді алтын құда құдағи, ағаларымыз секілді теңеу жетпес күйеу бала. Осы орайда анамның жарнамасы: « Алтын қызыма еш қоспасыз алтын күйеу бала керек.»  

Шындық міне, нәзік жандылардың қай қайсысы болмасын осы бақыттан дәмелі(улап-шулаған бала-шаға, күйеуінің қас-қабағы, ерке ата-енесі. Таңның атысы мен күннің батысы берекелі шаңырақтың игілігі).

Ендеше тілек осы. Қазақтың арулары болашақ президенттің ардақты анасы болуға лайық жансыздар сіздер. Біздің үлес осы болмақ. Дені сау, тәрбиелі ұрпақ өсіру біздің еншімізде. Кейде басқа келетін жаңылыс ойлардан(атақ, мәнсап, ақша) арылайық. Біздің атағымыз, біздің мәнсабымыз, ешбір ақшаға сатылмайтын құнды тауарымыз елім, жұртым, бауырым дейтін саналы ұрпақ болмақ..

 

p.s   Айдарыма гүл тағар бұл атақтан менің де құр қалғым келмес. Кеттім ендеше)))))