Түрмеде де өмір бар
Мен жақында ерекше мән – мағынаға толы фильм көрдім. Бұл фильм түрмедегі өмірді сипаттайды. Мүмкін бұл жәй ғана ойдан шыққан фильм деп те айтармыз. Алайда, мен түрмедегінің бәріне бірдей күйе жағуға болмасын түсіндім. Біз біреуді түрмеден шыққан немесе түрмеге қамалды десе «Ойбайға» салып, ат тонымызды ала қашып жатамыз. Дегенмен, кінәсіз күнәлілер де болуы мүмкін екен. Сот тарапынан да қате кетіп тұрады емес пе?!
Негізі әңгіме фильм туралы. Көп созбай, бұл қандай фильм екенін айта кетейін. Мүмкін, қызығушылықтарыңыз артып, осы фильмге бірер уақыттарыңызды бөлерсіздер)). Бұл фильм Энди Дюфрейн есімді банк вице-президенті өмірінен сыр шертетін «Побег из Шоушенка». Дюфрейн сатқындық пен жаланың есебінен түрмеге жабылады. Өз жарын өлтірді деген ауыр айып тағылып, темір торда 20 жылдай өмірін өткізеді. Ол түрмеде азап шегеді, қиналады. Дос та табады. Заңсыздыққа да жолығады. Бірақ, фильм соңында азаттыққа қол жеткізеді. Сот ақтады деп ойлайтын шығарсыз. Фильмнің бәрі де Happy End – пен аяқтала бермейді. Қысқасы, осы фильмді көрер болсаңыздар әсерсіз қалмастарыңыз анық. Маған ұнады. Жалпы, сәтті туынды деп айта аламын. 10 баллдық жүйеден +10 баллды қоя аламын))