ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ ДА КӨРМЕ АШЫЛДЫ.

ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ ДА КӨРМЕ АШЫЛДЫ.
жеке
блог
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бағзыдан жеткен бабалар мұрасы мен құнды дүниелерімізді дүйім жұртқа насихаттау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жəне Оңтүстік Қазақстан облысының Тарихи-мәдени этнографиялық орталығы, Абай атындағы орталық кітапхананың бірлесуімен «Ақ шәйнек, сары самаурын тұрса қайнап» атты көрменің тұсау кесері өтті. 
  Көрме экспозициясына ХІХ-ХХ ғасырларға жататын пішіні домалақ, кубок, цилиндр тәрізді самаурын түрлері қойылды. 
  Тарихқа үңілетін болсақ,  Ресейде самаурын жасау ісі XVIII ғасырда жақсы дамыған. 1850 жылдары Тула қаласында ғана осы салада 28 фабрика жұмыс істесе,  аталған бұйым қазақ жеріне XІХ ғасырдан бастап келе бастады. Ата-бабаларымыз самаурынды молшылықтың белгісі санаған.
   Көрменің ашылу салтанатында   «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Ғани Искаков экспозицяға қойылған самаурын жайлы айта келіп, тарихи маңыздылығы мен мәні жəне маңызына тоқталды.  Барша қонақтар мен мекеме қызметкерлерін шымылдығы түрілген көрмемен құттықтаған директор орынбасары мазмұнды мәдени шаралар екі мекеме арасында әлі де жалғасын табатындығына сенім білдірді. 
Көрменің ашылуына Түркістан қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.Ибрагимов, қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері, музей қызметкерлері, мектеп оқушылары мен ұстаздар және қала қонақтары қатысты.
 
"Əзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени  қорық-музейінің баспасөз қызметі.