«Түркістан уалаятының газеті» -қазақ баспасөзінің тұңғышы

«Түркістан уалаятының газеті» -қазақ баспасөзінің тұңғышы
жеке
блог

Тарихы тереңде жатқан «Түркістан уалаятының газеті»- қазақ баспасөзінің қарлығашы. Үш ғасыр бұрын жарық көрген газет сол кездегі жаңалықтың жаршысы болатын. Басылымның бірнеше бөлімдері белгілі тақырыптарда өрелі өрнегімен саналы ой қозғап, оқырман жүрегінен орын алды.

Осыған дейін талай жыл елдің аузында, тарих беттерінде қазақ баспасөзінің шымылдығын ашқан басылым ретінде «Дала уалаятының газеті» көрсетіліп келді. Дегенмен, өткенге үңіле түскен елден ерек, жұрттан зерек тұлғалар, бұл ойды теріске шығаратын деректер арқылы, бұдан алдын жарық көрген басылым бар екенін дәлелдеді.

«Түркістан уалаятының газетінде» редакторлық қызметті ұлты өзге болғанмен қазақтың сойылын соға жоғын жоқтап, зарын мұңдаған Шахмардан Ибрагимов атқарды. Негізінде, патша үкіметінің бұратана саясатын іске асыру мақсатында халықты заң-жарлықпен хабарландырып, қарапайым тілде түсіндіріп беру үшін басылым шығуына рұқсат етілді.

Дейтұрғанмен, басылымның бейресми бөлімінде ел болу, жер дауы, әйел теңдігі секілді мәселелерді көтеріп отырды. Оқу білімнің қажеттілігі, салт- дәстүр, әдет-ғұрып құндылықтары және әдеби мұраларда назардан тыс қалмады. Әрине осындай өзіндік ой, ұлттық көзқарастан кейін билік басылымға оң қабақ танытпады. Бұның арты, газеттің сексен екінші жылы жабылуына әкелді.

 Қазақ баспасөзінің тұңғышы- «Түркістан уалаятының газеті» заманның таршылығына қарамастан, қанатын кеңге жаюға ұмтылды. Басылым өзінің ойын батыл жеткізіп, өзіндік өшпес із қалдырды деп дөп басып айта аламыз.

Назерке Альбертқызы

Әл- Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық Униерситетінің

студенті