Түркістан қаласының жастары еліміздің ең үлгілі отбасымен кездесті.

Түркістан қалалық «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері «Жастар Отанға» жобасы аясында ұрпақтар сабақтастығы алаңында 2014 жылы өткізілген республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы Бимаханбетовтар әулетімен кездесті. Кездесуге 100-ге жуық жастар қатысты.

Басқосуды ұйымдастырудың мақсаты – жастар арасында өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды үлгісін тарату, отбасы мәртебесін жоғарылату болып табылады.

Кездесу барысында елімізде үздік «Мерейлі отбасы» деп танылған Бимахамбетовтар жастармен қазіргі отбасы институтының проблемаларын талқылады. Бүгінгі таңда  Қазақстандық қоғамның трансформациялануы және оның әлемдік қоғамға кірігуі жағдайында отбасылық құндылықтарды және дәстүрді сақтаудың маңыздылығы арта түсуде.

Ұлттық мемлекеттер шекарасынан тыс дамитын жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасу процесі қазіргі жаһандану кезеңінің бір бөлігі болып табылады. Отбасы институтындағы осыған байланысты өзгерістер жұбайылық, ата-ана болу және дүниеге бала әкелу жайттарына ылғи да оңтайлы әсер ете бермейді. Бұл бала туудан бас тарту, кеш ана болу, ажырасулар санының өсуі, әлжуаз отбасы, тастанды балалар санының өсуі, отбасындағы тұрмыстық зорлықтың өсуі, жалғыз бастылық өмір салтының кең етек алуы сияқты жағымсыз үрдістерді тудырып отыр.

Айдос Байжанов, Түркістан қалалық «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы:

Отбасы Партияның саяси Доктринасында қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты делінген. Отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық қалыптасады.

Отбасын нығайту және дәстүрлерді сақтау мемлекеттігіміздің дамуының басты жағдайларының бірі болып табылады.

Жастарды отансүйгіштіктің негізі болып табылатын осы құндылықтар рухында тәрбиелеу әрдайым Қазақстанның сәтті дамуы мен гүлденуінің кепілі болып табылмақ.



Бөлісу: