Салем достар. Алдыңғы жазбамда мен әсеріммен бөлісемін деген болатынмын...
Анкара қаласындағы Қазақстан республикасының Түркия республикасындағы елшілігінде Наурыз мейрамы аталып өтті. Болған үрдісті қысқаша, мәнді, сәнді жеткізуге тырысайын...
Бұл қазақ тойлаған күн наурыздың 20шы жұлдызында аталып өтті. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж.Қ.Түймебаев жиынды былай бастады:
- «Ардақты ағайын, қазақ жастары бәріңізді ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бүгін бұл жиынға үлгілі, озат студенттер келіп отырсыздар. Мен Қазақстан республикасының Түркиядағы ресми елшісі болсам, сіздерді өзімнің оң қолым деп санаймын. Сіздерге қарап, түрік халқы Қазақстанды көргендей болады деген үміттемін. Ондай болса, дәл осы елшілікті қазақ жері деп санап, әз наурызды қарсы алыңыздар »
Түркия елінде білім алып, жастармен жұмыс жасау бөлімінде жүрген аға-әпкелерімізге елші алғыс хат ұсынды.
Дәл осы алғыс хатпен ағаларымыздың бірі Ардақ Тұрысбекұлы Қашқынбаев марапатталды.
"Қоғамдық және мәдени іс-шаралар үшін Қазақстан республикасы мен Түркия республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына орай алғыс білдіремін".
Артынан суреттегі дастарханнан дәм таттық. Міне достар жат елде жүрсекте, қазақ басы қосылып, дәл осындай іс-шара өткені жүрегіме жылу берді. Енді көптен күткен түрік тойлаған күнге көшейік...