Жанұзақ Жәнібековтың « Сексен жасқа шығу ретімен » мақаласында ресей шығыстанушысы, қазақ фольклорын зерттеуші, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі Василий Васильевич Радлов туралы жазылған.
Сондай-ақ мақалада түркілікті үйрену пәнінде, пәннің дүниеге келгенінен бастап осы күнге дейін Василий Васильевич Радловтай зор білікті адамның шықпағаны жайында айтылады.
Василий Васильевич Радлов Берлин университетінің дін – философия бөлімінде оқып жүрген кезінде-ақ тіл ғылымын оқып, солардың ішінде күншығыс тілдерін үйренгісі келген.
Моңғол, мәнжур, татар, қытай секілді күншығыс тілдерін Шот деген ғалымнан үйренген. Одан басқа еврей, араб, парсы, османлы түрік тілдерімен де танысып, йақұт тілінің сарф-нах-вуын оқыған. Ол ұстазы Шоттың нұсқауы бойынша Ресейдің күншығыс жағында көшіп-қонған елдердің тіл һәм тұрмыстарымен танысу мақсатында орыс тілін үйренеді.
Радлов қысы-жазы көздеген бағытына қарай жол тұтып, ел аралап, тіл һәм ертегі мысалдар жинап, жинағандарын ретке келтіріп отырған. Алаштың әр руын жақыннан танып, мәнжур, қалмақ, қытай жұртының тіл тұрмыстарымен танысқан.
Жетісу, Іле, Алтай жағындағы елдерді аралап, сол кездегі Түркістан сапарларына қосылып, түрік жұртының тіл, тарих, нәсіл-несібіне қажетті көп мағлұмат жинаған. Неміс, француз, орыс тілінде жүз қаралы кітабы бар. Ең таңдаулылары: «Түрік жұртының әдебиет үлгілері», «Түрік өлеңдерінің өлшеуіші», «Түрік тілдері» деген кітаптары. Радлов кітаптарын оқығанда түрік тілдерінің ішінде ең тазасы қазақ тілі, түрік жұрнақтарына ең бай ел қазақ елі екені айқын көрінеді.
Түркілікті үйрену пәнінде Василий Васильевич Радловты білікті бір ғалым екенін әркім мойындайды. В.В. Радлов: «Қазақ тілі – исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай түпкі таза түрін-түркі сипатын сақтап қалған тіл» деп қазақ тілінің табиғилығы мен тазалығын дұрыс аңғара білген.
Төлеуханова Айша,
Журналистика факультетінің 1-курс студенті
Жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева