Туризмді дамыту шаралары қалай жүзеге асуда?

Барлығымызға мәлім, қазіргі таңда еліміздегі туризм қарқынды даму үстінде. Әрине баяғы кезеңдермен салыстырмалы тұрғыда қарайтын болсақ, жылда Қазақстандағы туризмге ағылушылар саны артпаса кемімеген.

Туризмді дамыту шараларына бүгінгі таңда өз қызметін атқаруда. Сол үдерісте Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жаңа жас буын өкілдерін осы сала бойынша тәрбиелеуде. Қазақ Ұлттық университетімізде бүгінгі таңда туризм мамандығы бойынша біршама студенттер оқытып, оларды өз мамандығының саласында түрлі іс-тәжірибелер алмасу мақсатында шет елдерге жіберуде. Сонымен қоса осы туризм бағытында, соның ішінде Тау туризм дамыту мақсатында өз кафедрамыздың ішінде студенттер арасында 2010 жылдың 12 қарашасында ҚазҰУ рекреациялық география және туризм кафедрасының көмегімен студенттердің ұйымдастыруымен Қазақстанның туризмі мен спортын дамыту бойынша «ZhasTour» клубы ұйымдастырылды. Клубтың қызметі - болашағы зор жастар жобалары арқылы мемлекетімізде туризм мен спортты дамытуға бағытталған.

Біз Қазақстандағы туризмге де, спортқа да қатысты көптеген жарқын жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Оған түрлі ғылыми, танымдық, ойын-сауық, қайырымдылық шаралары да кіреді. Клубтың қызметі – болашағы зор жастар жобаларының көмегімен Қазақстандағы туризм мен спортты дамытуға бағытталған. Бұл клубта студенттер Қазақстандағы туризмге де, спортқа да қатысты түрлі жарқын жобаларды жүзеге асырады. Туризм дамыту жолында біз клуб аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырамы. Мысалы жылда «ZhasTour» клубының олимпиадалық кубогы ойнатылады.

Бұл жарысқа жылда Қазақстан бойынша кез келген облыстан және Алматы қаласынан түрлі вуздардан өз бағын сынауға келіп, туризм бойынша білімдерін шыңдап кетеді. Жалпы олимпиада жылда сәуір айының аяғында өткізіледі. Сонымен қоса, жарыста екі тур болады. Бірінші турда қатысушылар өз білімінің теориялық тұрғыда сынаса, екінші турда туристік бағытта туризмнің қыр сырларын практикалық жүйеде көрсетеді. Осылайша «ZhasTour» клубы ішінара және сыртқы олимпиадалар ұйымдастырылады. Әрине бұның барлығы осы туризм саласының дамуына , жастарды туризм саласында шыңдауға арналып ұйымдастырады.

Біз «ZhasTour» клубында өзіндік ішкі мүшелермен, қатысушылармен және клуб аға буын өкілдерімен апта сайын «Тауға шығу»атты ұранмен ауа райына қарамастан түрлі походтар ұйымдастырылып келе жатыр. Қорытындылай келе , «ZhasTour» клубы тек қана Рекреациялық география және туризм кафедрасының жастарын ғана емес басқа кафедра және факультеттердің туризмге деген қызығушылығын арттыруда.Біз осы қарқынмен туризм даму мақсатында түрлі іс-шаралар жасау арқылы елімізде туризмнің бірегей орынын қалдыруға әрекет жасаймыз.

Жаннат АЛИЕВА,
Әл-Фараби атындағы КАЗНУ
Рекреациялык география және
туризм кафедрасынын доценті,
география ғылымдарының
кандидаты



Бөлісу: