«Тұран» атауы қайдан шықты?

Тартария. Қазақия. Түркістан.

Ежелгі деректерде Тұран атауы Ирандық «Авеста» атты діни жырда және Әбілқасым Фирдауси (935-1020 жж) жазған «Шах-нама» эпосында кездеседі. «Авеста» жыры ежелден ауызша айтылып келген де, осыдан 3000-4000 жыл бұрын (б.д.д. 1000-2000 жж) қағазға түсіріле бастаған. «Шах-нама» эпосында Иран және Тұран халықтарының 4 мың жылдық тарихи қарым-қатынастары жырланған. Парсыша (ескі иран тілінде) « توران » (туран) деп жазылған.

Тұран сөзі «түр» және «ан» сөздерінен құралған, «түр» - халық атауы, «ан» - елі, жері деген мағына, яғни «түр елі». Мемлекет атауы «Тұр-ан» деп, халқы «түр-ік» деп аталған.

Парсы тілінде «و» уәу әрпі қазақтың (түріктің) «о,ө,ұ,ү,у» дыбыстарын белгілеу үшін қолданылған. Тұран және түрік сөздерінің түбірі «төр» сөзі болуы да ақиқатқа жақын («Атамзаманғы түркілер»  О.Сүлейменов). Яғни, құрметті, құдіретті, сыйлы деген мағынада. Мысалы, ертеде қытайлықтар түрік халқының басшыларын «шаньюй» деп атаған. Американдық лингвист Александр Вовинның айтуынша: көне қытайлық «шаньюй»  撐犁孤塗單于 сөзінің этимологиясы «Тәңір баласы, Көк аспан баласы» немесе «Сібір (солтүстік) төресі» дегенді білдіреді.

Ежелгі Тұран халқы мекендеген жерді еуропалықтар Scythia (Скифия) деп атаған. Англияда 1636 жылы шыққан «Ұлы Әлем туралы кішкене сипаттама» кітабында: «...Скифия - елдің тұңғыш ханы Scytha атымен аталып жүр. Ол, Йапет (Iaphet) ұрпағы... Шыңғыс Хан 1162 жылы Тартар Ханы аталып,  өзіне Тендүк пен Қазайды (Cathay) бағындырып алды. Скифия атауын Тартария деп өзгертті. Тартар атауы Еуропаға 1168 жылы белгілі болды... » деп жазылған. Яғни, еуропалықтар Шыңғыс Хан билеген империяны Тартария деп атаған. Тартария туралы жазғанмын… (және, көне иврит (еврей) тіліндегі תור «тур» түбірінен шыққан תרתר «тартар» сөзі бар екен, мағынасы «жер аралап жорту» деген, қатысы бар ма екен?).

13-20-ғасырлардағы тарихи деректерде түрік халықтарын еуропалықтар tartar деп, мәскеуліктер татар деп жалпылай көрсеткен. 17-ғасырдан бастап мәскеуліктер қазақтарды қырғыз деп атап кеткен, ал қырғыздарды қара қырғыз деп атаған.

Үшке бөлінген Тартария. 1786 жыл.


Тартария – ол Тұран.

1935 жылы Қарсақпай жерінде Алтын-Шоқы басынан Қаныш Имантайұлы Сәтпаев, араб-түрік әріптерімен жазылған бірнеше жол жазулары бар үлкен құлпытас табады: «Жігіттер келіңдер, біз алтыннан да қымбат қазына таптық!» - дейді. Ғалымдардың айтуынша, бұл тасқа сөз жаздырған Темірлан, оны 1391 жылы Тоқтамыс ханға аттанар алдында қойған. Жазудың жуық мағынасы: «...Тарихтың жеті жүз тоқсан екінші (хижра бойынша) қой жылы, жаз ара айы. Тұран сұлтаны Темір-Бек екі жүз мың әскерімен Тоқтамыс ханға соғыспаққа жүреді. Бұл жерден өтіп бара жатып, белгі болсын деп осы жазуды қалдырды...".  Темірлан өзін «сұлтан, бек» деп тұр, себебі «хан» атауы тек Шыңғыс Ханның тұқымына тиесілі болған. Осман империясының да сұлтандары сол себептен хан аталмаған. Бұл тасты 1936 жылы Петербургтан зерттеушілер келіп, Эрмитажға (музейге) алып кетеді. Қазір орнында тастың көшірмесі тұр.

Моғол мен Тартария императоры Темірлан және оның тасқа қалдырған жазуы.

Яғни, еуропалықтардың Тартария деп атаған империяны, Темірлан Тұран деп атайды. Еуропалық тарихи деректерде Темірлан Моғол және Тартар елінің императоры деп аталған. Демек, Темірлан Алтын Орданы, Қырымды, Осман империясын алғаннан кейін Тартария императоры аталған. Тұтас Тартарияны билеу үшін, шығысты және Қытайды билеп тұрған Құбылайдың хандығына аттанады. Бірақ, жетпей жолда сырқаттанып қайтыс болды.

14-15-ғасырдан бастап Ұлы Тартария ішкі қантөгістен әлсіреп бөлшектене бастайды. Бөлшектенген жерлерін Ресей мен Қытай жаулап отырады (әсіресе сатылған хандары арқылы). Осылайша, батысы мен Сібірін Ресей жаулап алып, шығысын Қытай жаулап алып, Ұлы Тартария үшке бөлінеді: Еркінді Тартария, Ресейлік Тартария, Қытайлық Тартария болып. Кейін, Тартария атауы тек Еркінді Тартарияда қалып, басқа екеуі өздерінен алып тастайды. Tartaria-ны ресейліктер Татария деп атайды:

 

Басқа ғалымдардың картасында бұл Tartary атты жер Тұран деп көрсетілген. Тартарияның Тұран екендігінің тағы бір дәлелі: 

1843 жылдағы Тұран картасы және сол кездегі құрамындағы жұрт атауы.
Burut деп Қырғызды, Kirghis деп Қазақты көрсеткен.

Демек, Шыңғыс Хан еуропалықтармен Scythia аталып кеткен мемлекеттің атын Тұран деп түзетті, немесе түрік халықтарының басын біріктіріп ежелгі Тұран атын жаңғыртты...


Тартария – ол Түркістан.

Ұзақ соғыстар кесірінен Тартария халқы Түркістанға қарай көшпен ығыса бергесін, Тартарияны, яғни Тұранды Түркістан деп те атаған. Еркінді Тартария жері Түркістан аталып жүреді, ал Қытай Тартариясының бөлігі Шығыс Түркістан аталып жүреді:

Түркістан. 1848 жылы Парижде шыққан "Tartarie" кітабынан. M.Dubeux.

Шығыс Түркістан. Қытайдың сауда картасы. 1899 жыл.

Шығыс Түркістан атауын қытайлықтар Шыңжаң (Sing-Tsiang) деп, яғни «Жаңа жер» деп өзгертті.

 

«...Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан не тамаша күндер кешкен...» - Мағжан Бекенұлы Жұмабаев.

 Демек, Түркістан – ол Тұран, Тұран – ол Tartaria, Tartaria – ол Scythia, Scythia – ол Ежелгі Тұран халқы. Сонымен, еуропалықтардың Ұлы Тартария атап жүрген империясы – Ұлы Тұран!

Тұран – ол түрік халықтарының біріккен ортақ империясының атауы. 20-ғасырда АЛАШ қайраткерлерімен бірге Тұран аты да әлемдік картадан өшірілген...

Ұлы Тұран картасы (Осман Империясы да Тұран құрамында)

p.s. жеке ізденуім. Тұран тарихы, соның ішінде Қазақ тарихы "жабулы қазан" болғандықтан кейбір ұсақ деректерден шатысуым мүмкін.

 



Бөлісу: