♥ Түн.Ол.Қылмыскер...♥
Жиып алып бар күшін қара түннің,
«Өлең» деген мекенге баратынмын.
Сен маған: «Сүйемін» деп айтқан сәтің-
Дәптерімді бір түртіп алатын күн.
Қанат қаққан биікке бір құс көрдім,
Мүмін ол-куәгері мұңды істердің...
Қамап таста мәңгілік жүрегіңе,
Мен сендегі сезімге қылмыскермін.
Көз алдымда жүреді желігіп Түн,
Ғашық болар бұл күні ерігіп кім?!
Жалғыздықтың түскенде шырмауына,
Сабырымды құшақтап,сені күттім!
Көздеріңе қарасам сыр ұғынғам,
Талай сері еткен, рас, қылығыңды ән.
Шырын ойға мас болып мен түгілі,
Самал тарап жататын бұрымыңнан.
Тұрғанда сезім дәмін татып бүгін,
Арайына оранып атыпты Күн.
Мен өзіңсіз қараңғы ғұмыр кешем,
Бірақ сен қасымдасың...Бақыттымын!
...Бақыттымын!