Түніксіз құбылыс...
жеке
блог
блог
Білмеймін... Не болып жатыр ішімде. Табиғи құбылыс емес екені анық. Бүкіл денем қысылып, жүрегім алқымыма тығылып барады. Сыймай барам. Мына кең дүние маған тарлық етуде. Түсінбеймін. Өз сезімімді түсінуден қалып барам. Дәл қазір қуанып тұрмын ба, жоқ әлде ашуым қайнап тұр ма білмеймін. Қолымнан келер емес. Барлық іс-әрекет, қимылдарым тосыннан қате шығуда. Барлығының дерлік орнын ауыстырып, шатастырып отырмын. Айқайлағым келеді. Биік, ең биік таудың шыңына шығып бар күшіммен мына кең әлемге, тынымсыз тіршілік иелері адамдарға " Тоқтаңдар!!!" дегім келеді. Тоқтатып алып ары қарай не істерімді білмеймін де. Жанып барады. Басымдағы ең жіңішке қылшықты шашымнан аяғымның табанына дейін күйіп барады. Маған не болған?!