Түнгі шабыт...қияли адам...
блог
"Ақынмын деп мен қалай айта аламын?
Халқымның өз айтқанын қайталадым" -демекші,Мұқағали атамыздың өлеңдері шабыт беріп отырады. Ақын жанын түсіну өте қиын.Кейде ақындарды қияли адамдар дейді.Расыменде солай шығар,кейде үнсіз ғана отырып,өлең шығарамын. Шабытты күтпейді,қолыңа қаламды ал,деп ұрсам кейде өзіме. Шіркін-ай,недеген ұрысқақпын деймін да,өлең жазамын. Неге екенін қайдам,өлең жазарда екі адамның бейнесі,теңіз,тыныштық ,есіме түсе береді. Біреуден кешірім сұрап жатамын әйтеуір...Кім білсін,қиялмын ғой...
Кешір мені досым,
Кішіре алсаң егерде!
Күт мені,күте тұршы,
Мен келесі кемеде.
Теңіз.Кеме.Түн.
Мен əн салған үн...
Отырмын сол кемеде,
Тереңнен ойлап имене?
Ай толыпты,мен де толам
Бақандай он жетіге...
Əн саламын.
Гитарам қолымда.
Жамандық болмасың жолымда.
Өмірім,шіркін,өмірім,
Əрине,өзімнің қолымда!
Сен келсең,жақсы болар ед,
Тосып отырмын сол маңда
Жақында бері,қымсынба!
Сен жəне мен...
Жо-жооқ біз ғана
Айналып кетті екі сөз,
Біз деген сөзге дана.
Сен мені ойлашы сəл,
Қалмады менде əл.
Ұйықтайын ал
Сау болыңдар!