Түнгі позитив ...

Түнгі позитив ...
жеке
блог
Адамның көңілі, ішкі дүниесі кейде сыр беруі мүмкін. Сол кезде көмекке достарымыз келеді. Бұл — заңдылық. Аптаның ауыр күндерінен, күнде бір істен жалыққан кезде, жай ғана балалық істеу керек екен. Иә, иә, оған бүгін көзім жетті. Қарағандыда тоқтаусыз жапалақтап қар жауып тұр. Ал, алты қыз болса, бір шатырдың астында тұрады. Балконға (қызық болсын, қылтимаға) бір шығамыз, екі шығамыз, шыдамай әп-сәтте киініп, далаға бірақ зыттық.Блог - DinaAbdigalieva: Бір апталық ПОЗИТИВ
Күн суық деп ойламаймыз. Көңіліміз не қалады соны дүкеннен ерінбей сатып алдық. Сол кезде, дәл үйдің алдында жабысқақ қарды ұстадық та қалдық. Бітті, атыс-матыс басталды. Үсті-басымыз су-су. Ұйықтап жатқан көршілердің терезелері жанып, жүздерінен күлкі ұялады. Енді… «мыналарға не жоқ », — деп күлген шығар, сірә.  Бірақ… табиғаттың сұлулығына тоя алмай, әрең үйге кірдік. 
Блог - DinaAbdigalieva: Бір апталық ПОЗИТИВ
Р. S.: Ғалымдардың айтуынша, балалар бір күнде 400 рет жымиып, 150 рет күледі екен. Ал, ересектер ше? Есейген кезде 24 сағаттың ішінде орташа 15 рет жымиып, 6 рет шынайы күледі. Сол себепті қалжырау, шаршау деген қиындықпен тап болады. Қажиды. Мысалы, жай ғана қармен атысып ойнаудың өзі, үлкен күш береді. Біріншіден, жігер жинасақ, екіншіден бір аптаға жететін позитив сыйлады. Ешқашан күлкілі боламын деп ойламаңыздар, жүрек қалауымен тек алға ұмтылу керек. Қайта, осындай тәтті күндердің барына шүкіршілік.