Түн

Түн... Ойларым түнекке шырмалған,
Күй шертіп көңілде тым мұңды.
Мазалап тағы да түнгі арман,
Жүрекке тәтті мұң тұндырды.

Қиялым тынбастан кезер түн,
Қарсы алар сағыныш әлемі.
Өзіме билетпей өз еркім
Басталар жанымның әлегі.

Отырам мұңыма оранып,
Артынан қуамын сағымның.
Ойларым түнекке тоналып,
Шегіне жетеді сабырым.

Арманым қанатын қағады,
Жетем деп биікке тым алыс.
Сағыныш жаулайды сананы,
Көңілге таба алмай жұбаныш.

Үмітім сәулесін төгеді,
Көңілсіз күйімді шертем мен.
Расында бәрінің себебі,
Сағыныш кеудемде өртенген.

Қиялым өрекпіп жөнелді.
Сезімнің таба алмай күз емін.
Өзіңе арналған өлеңді,
Көңілде моншақ қып тіземін...
(Ерлан Ергенов )



Бөлісу: