ТҰМАУДЫ ЕМДЕЙТІН БАЛМҰЗДАҚ САТЫЛЫМҒА ТҮСТІ
блог
Тұмаумен күресуге көмектесетін балмұздақ сатылымға шығарылды. Емдік қасиеті бар осынау өнімді американдық Jeni’s Splendid Ice Creams компаниясы даярлаған. Бұл жайында АВС NEWS хабарлады.
Балмұздақтың тұмаумен науқастанған адамды емдейтін қасиеті бар дейді компания өкілдері. Оның құрамында әсел, зімбір, апельсин және лимон шырындары бар. Ал, тәттіні ұнатпайтындарға құрамында кайен бұрышы бар балмұздақтар ұсаынылып отыр.
Jeni’s Splendid Ice Creams компаниясының басшысының айтуынша, мұндай өнім жасап шығару идеясы осыдан он жыл бұрын, яғни АҚШ-та тұмау дерті белең алған кезеңде туындаған. Балмұздақ құрамындағы әсел тамақтың қозуын басса, кайен бұрышы бітіп қалған мұрынды ашуға көмектеседі.
Емдік қасиеті бар аталған өнім кең сатылымға ақпан айынан бастап енеді. Ол тек дүкендер сөресінде ғана емес, сонымен қатар ғаламтор желісінде де сатылмақ. Біреуінің бағасы шамамен 12 АҚШ долларын құрайды деп күтілуде.
Айта кету керек, қазіргі таңда АҚШ-та тұмау ауруы күшіне мінген. Дертке шалдыққан ондаған адам көз жұмды, көпшілігі жас балалар.