Тұмар қалай көмектеседі?!

                   Тұмар қалай көмектеседі?!

Бойтұмардың (Талисман, амулет, апотропей, оберег) қай дін, сенім-наным болмасын, бәле жәледен, сәтсіздіктен, көз бен тілден сақтайтын, қуат беретін күші бар деп сенеміз. Алайда, шын мәнінде күш беретін біздің санамыз.

Яғни адам қиналған кезінде әлдебір сыртқы күштерге сүйенгісі келеді.

Мәселен экзаменде бес алған көйлегім маған басқа экзамендерде немесе жұмысқа алғаш тұрғанымда көмектескендей болды. Бірақ Дружба зауыты ол көйлекті шығарғанда, «осы Гастекең сабақтан құламасын, кіл беспен оқысын, сүф-сүф», деп оқытып берген жоқ. Жәй, психологиялы тұрғыда, сол көйлекті кигенде, сана түбі деңгейінде менің бойыма сонау алғашқы емтихан кезіндегі өз күшіме деген сенімділік, жоғары көңіл күй ұялайды.

Ал өздерің білетіндей, жүрегінде әлденеге сенімділік, жоғары көңіл күйдегі адамның миы да, тән құрылысы да ойы шашыраңқы, үмітсіз, сасқалақтаған адамға қарағанда қарқынды жұмыс жасайды.

Кез келген тұмар, талисмандар тап осы принциппен жұмыс жасайды деп ойлаймын.

Әлбетте мен тұмар мен талисман тақпау керек дегенім емес.

Егер сіз өзіңіз соған сенсеңіз тағыңыз, неғұрлым берік сенсеңіз, соғұрлым көмегі де зор болады. Бірақ есіңізде болсын, мұның механизмінде сырттан келген әлдебір сиқырлы таңғажайып күш емес, өзіңіздің ішкі ресурстарыңыздың оянуы жатыр. Және оған себеп болған тітіркендіргішке қаншалықты мән берсеңіз, ол соншалықты күшке ие болады.

Әрине компьютеріңізді қанша оқытып, дем салдыртып, тұмар тақсаңызда, антивирус орнатпай өзіңізді қажетті дәрежеде қауіпсіз сезіне алмайсыз.

Бұл өз ойымғой,Ал сіз осыған сенесіз бе ?



Бөлісу: