Тұманды Альбион - әсем қала Лондон

Тұманды Альбион - әсем қала Лондон
жеке
блог

Hello, my dear friends!

I'm very glad to see you again on the "Massaget.kz".

Армысыздар, құрметті достарым!

Сіздермен сүйікті "Massaget.kz" сайтында жүздесіп отырғаныма қуаныштымын))))

Бүгін сіздермен Ұлыбританияның Лондон қаласына барған сапарымнан фотосуреттермен бөлісемін)))

Әрине, Лондон қаласын әйгілі сағат Биг Бенсіз елестету қиын. Бірақ, шынымды айтсам, мен оны үлкен бола ма деп ойлап едім... Ойдағыдай болмады))) Дегенмен, керемет көріністер)))

BIG BEN


ПАРЛАМЕНТ ҮЙІ - HOUSE OF PARLIAMENT

 

ВЭСТМИНСТЕР АББАТТЫҒЫ - WESTMINSTER ABBEY

 

БУКИНГЭМ САРАЙЫ - BUCKINGAM PALACE

 

КЕНСИНГТОН САРАЙЫ - KENSINGTON PALACE

 

Әлемдегі әйгілі сахналардың бірі - Royal Albert Hall

Бұл кереметтерді тамашалап болғаннан кейін менің сүйікті кейіпкерлерімнің бірі - Шерлок Холмстың мұражайына жол тарттым. Дәл сол кітаптағыдай, кинолардағыдай 221-ші Бэйкер стритта орналасқан. Мұражай ішін Артур Конан Дойлдың шығармасында жазылғандай безендірген екен.

SHERLOCK HOLMES MEMORIAL

HOLMES & WATSON AND ME

221 BAKER STREET


 

Экскурсия соңында мұражай кітабына өз қолтаңбамды қалдырып кеттім))) Тағы да келудің бір амалы ғой)))

 

Британдық мұражайдан алған әсерім енді моооол!!! Мұражай экспонаттары, көрнектерінің сол экспонаттың табиғатын аша түсетін стильде болуы, мұражайдың ауқымдылығы, бәрі, бәрі керемет! Луврдан да осындай әсер алған едім...

БРИТАНДЫҚ МҰРАЖАЙ - BRITISH MUSEUM

 

Және Лондонның символдарына айналған:

Телефон күркелері

 

Ағылшынның әйгілі Black cab-тары


 

Достар! Жазба соңында айтарым, Лондон қаласына барып қалсаңыздар, ЖЫЛЫ КИІНІҢІЗДЕР! Аты айтып тұрғандай, расында да, өте тұманды әрі суық екен. Десек те, ауа райының суықтығы, күн шуағының аздығы қаланың сұлулығынан алатын әсерлеріңізді бұзбас. Жол түссе, өкінбейсіздер)))