Түлкі сылқым

Түлкі сылқым
жеке
блог

Түлкі сылқым...
*
Көңіліңді көнгіш етте,құпта де,
Бұл ойында ұтыл мүмкін,ұтпа не?..
Ақ мамығын ұстататын әркімге;
-"Менің қойным есіктегі- тұтқа",- де..

ӨЗ ырқыңа салу қайда әр әнді...
Көңілдегі көлеңкені әрі әнгі...
Сенің қойның жайма шуақ таң емес, 
Сенің қойның қапастағы қараңғы...

Ақиқаттың шешілгенде жейдесі,
Жақсылықты ұғынбау мұң кейде осы...
Сенің қойның тамшысы емес жаңбырдың,
Сенің қойның қара бұлттың бейнесі...

Көкейіңді торламаса Арлы мұң,
Сезімімнің сарп етем де дәлдігін...
Құшағымда ойнақта да ендеше,
Тағдырыңнан несібеңді ал бүгін.

Жаныма ен, жігерімнің құлқын көр,
Құлпымды ашта көңіліңнін қілтін бер...
Сен өмірді мазақ қылдым дегенмен,
Сені мазақ қылып жүр-ау бұл түндер...

Жанарыңның жасын іштей төккесін,
"Қоя алам",-де әр сезімге нүкте шын.
Сағындыра алам дейсің оп-оңай,
Тек өзіңді сағындырып кетпесін.

ҚОңыр күздің желі желпіп құлақтан,
Тағдыр білсең талайларды құлатқан...
Өз үлесің артық шығар өзіңе,
Өзгелерге артық емес.
Бір-ақ таң....
Досжан Нұрболат