Түлкі мен ақ қаз

Түлкі мен ақ қаз
жеке
блог

   (Мысал)

Қарны ашқан қу түлкі,

Белгілі жұртқа сұм түлкі.

Ашығып азық таба алмай,

Сілесі қатып келеді.

Қадалғаны көз алмай,

Айдын шалқар көл еді.

Сол көлге келді бұл енді,

Көлде отырған ақ қазға:

-Кездесіп сіздей сырбазға,

Айдын көлдің еркесі,

Шомылу бірге арманда.

Сен даланың серкесі,

Біледі сені орман да.

-Шомылғың келсе менімен

Кел қасыма, қорғанба,

Тура жүз маған бағыт ап.

Бір аңқау қаз болды тап.

Жеткен сәт ауыз сап...

Көлге қойып кеткен-ді,

Ашқарақтығы түпке жеткен-ді.

Иірімге тап болып,

Тұншығып өліп кеткен-ді.

-Ұйқың тыныш болсын!- деп,

Ауылға ақ қаз беттеді.

   Сүлеймен Баязитов