Тұлға тәрбиесі неден басталады

Түркістан қаласында «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы мен ең танымал NIS жобалары ұсынылды. Оңтүстік өңірдің 400-ден астам педагогы «Мектеп – тұлға тәрбиесі» семинар-практикумында кездесті. Аудандық білім басқармаларының қызметкерлері, директорлардың орынбасарлары, кітапханашылар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысындағы үздік кейстері мен әлеуметтік жобаларына талдау жасады.

Бүгінгі таңда патриоттық, өлкетану, әдеби, тарихи, музыкалық тақырыптармен біріктірілген NIS-тің тәрбиелік жобаларының көпшілігі республиканың жалпы білім беретін мектептеріне таратылады. Олар: «Ата-ана жұмысындағы 10 күн», «Қоғамға қызмет ету», «Ұлы дала ақындары»,  «Ұрпақтар сабақтастығы», «100 күйдің тарихы», «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап», «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер», «Даналық бейсенбі», «Bookrossing», «Оқу сағаты», «Кітап әлемді бағындырады» және тағы басқалар. Олардың барлығы жаһандық азаматтықты, әлеуметтік жауапкершілікті, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, сондай-ақ көпұлтты халықтың аға буынын, тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін құрметтеуге бағытталған.

Семинар-практикумда педагогтар тәрбие жұмысында балаға қолайлы және достық орта құру, ата-аналармен ынтымақтастық және оларды мектеп өміріне тарту сияқты басым бағыттарды пысықтады. Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінің директоры Рустам Әбіловтың баяндамасында оң ата-ана туралы толық мәлімет берілді.

NIS даму департаментінің директоры Аида Ағаділ қазіргі білім берудегі мектеп кітапханаларының рөлін өзгерту, ең алдымен кітапханашы мұғалімдердің кәсібилігі және электронды ресурстарды кеңейту сияқты өзекті тақырып бойынша теориялық және практикалық жағдайларды ұсынды.

Ұстаздар жиырма секция мен пленарлық отырыстарда Зияткерлік мектептердің тәжірибесінен практикалық кейстермен бекітілген тәрбие және кітапхана жұмысының стратегиялық басымдықтарын қарастырды.

– Коучингтік секциялар бізді таң қалдырды, әсіресе патриоттық тәрбиедегі шығармашылық компоненттер бойынша, біз NIS-пен ынтымақтасуға және олардың үздік тәжірибелерін енгізуге мүдделіміз, - деді Бәйдібек ауданы Жиенкөл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірболат Тілеуберлиев.

Түркістанда NIS ашылуымен оңтүстік өңір ұстаздарының кәсіби дамуындағы жаңа кезең басталды. Мұғалімдерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Наурыз кездесулері «Жасанды интеллект және мехатроника» атты алғашқы сабақ өтті, онда ғылыми жұмыстар мен робототехника бойынша өзекті педагогикалық технологиялар ұсынылды.

Түркістан Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов NIS оңтүстік өңірдегі педагогтардың кәсібилігін дамыту бойынша бірқатар жобаларды жоспарлап отырғанын атап өтті.

-         Семинар-практикумның негізгі мақсаты - «Рухани жаңғыру» жобасы және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы шеңберінде мектептерде тәрбие және кітапхана жұмысын ұйымдастыру бойынша Түркістан облысының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету болып табылады, - деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Наталья Жұмаділдаева. 



Бөлісу: