Тұла бойды шымырлатқан - ҒАШЫҚ ЖҮРЕК

Тұла бойды шымырлатқан - ҒАШЫҚ ЖҮРЕК
жеке
блог

Шіркін балалық кезең. Өтті де кетті, енді міне есейіп, көп нәрсеге өзіміз шешім қабылдап, ой елегінен дұрыс өткізуіміз қажет. Оқуға анамның демеуімен түстім. Рахмет, жан анам! Сабақ деп көп арпалыстық. Бірде ұттық, бірде ұтылдық. Ол кезеңдерде өтті. 

Менің қолыма осыдан 1 жыл бұрын Ғашық жүрек2 фильмі түскен болатын. Теледидарға телміріп қарап отыратын уақыт жоқ. Осы уақыттарда мен көп нәрсеге аса мән беріп қарай бермейтінмін. Тек 1 сериясын ғана көріп жүрегім шыдамады. Өзім ауырып жүрген болатынмын. Бір жылдан соң үйдегі үстел үстінде тұрған дискетке көзім түсті. Қосып 25 сериясын 3 күнде бөліп көріп бітірдім. Соңғысын бүгін бітірдім. Маған қатты ұнады.

Егер мән беріп көрген адам болса, ұзақ ойға қалары сөзсіз. Оқиға желісі нағыз өмірден алынған екені аңғарылып тұр. Кейбір адамдарға жалғаншы болып көрінуі мүмкін. Алайда 1-2 эпизодтарын мен өмірде өз көзіммен көрдім десем де болады. Менің өмірдегі бағытымның мығым болуына да үлесін қосты. Дәл қазіргі кезеңде жылдың басы болғандықтан, көп нәрсені басынан қарап, шындыққа тура қарау керек болып жүр. Бүгінгі таңда Баян Есентаева жөнінде адамдар көптеген пікірлер айтылып жүр. Мен Баян ханымға ризашылығымды білдіремін, толықтай керемет деп ауыз толтырып айтуға болады. Осы секілді отандық фильімдер молайсын дегім келеді.