Тук,тук! Жаңа жыл есік қағып тұр!!!

Ия, арғымақ аттай зулаған уақытта шек барма. Күні кеше ғана жолдасымыз екеуміз Аяз ата мен Ақша қар болып түнгі 12-де бесінші қабаттан бастап подъезімізді түгел құттықтап шыққан едік. Барлық көршілерімізбен аулаға шығып шырша айналып ән салғанымыз әлі есімде. Қызық ай, осы бір қызық сәттерге де екі жыл өтіп кетіпті. Жаңа жылды қарсы алған күні түсірілген осы бір тамаша суреттер өткен жылдарымыздың жарқын куәсіндей болып фотоальбомыздың сәнін кіргізіп тұр. Енді 2013-ші жылды отбасымызбен қалай қызықты қылып қарсы алар екенбіз...

 

 

 



Бөлісу: