Палау, манты мен самсадан басқа өзбектердің "тухум-парак" (тұқым- жұмыртқа, парак - Құдай біледі))))) деген тамағы бар. Соның не екенін және қалай дайындауға болатыны туралы жазып өткім келеді.
Алдымен, жұмыртқа, су, тұз және ұннан қамыр илеп (мөлшері адам санына байланысты, әрине, бірақ бір кесе су, бір шәй қасық тұз, бір жұмыртқа және қамыр болып, иленгенше ұн екі - үш адамға жетеді), оны жарты сағатқа үстіне майлық (сүлгі, орамал, салфетка) жауып қоямыз.
Ішіне салатын қоспаға керек заттар:
- 5 жұмыртқа
- 5 ас қасық сары немесе сұйық май
-5 ас қасық сүт
- 1 десерт қасық тұз.
Алдымен, жұмыртқаның ағы мен сарысын ажыратып, ағын көбік шыққанша араластырамыз, оған сосын барып сарысын, май, сүт, тұз қосып, тағы да миксерлеп аламыз. Пайда болған сұйықтық мынандай болады:
Енді қамырға кірісеміз. Қамырды сопақша қып созып, кішкентай зуалаларға бөлеміз:
Сосын, бұл зуалаларды жайып, вареникті бүккен ұқсап, бүге бастаймыз. Ортасынан не шетінен шағын тесік қалдыру керек:
Шыны керек, өзім болған соң, сұйықтықты құйып жатқан сурет жасай алмадым))) Бар болғаны мынаны тесігімен жоғары ұстап, ішіне бағанағы сұйықтықтан 1,5-2 қасық құю керек.
Сосын, қазанда су қайнатып, суға бір ас қасық тұз тастап (біздің қазан 8 литрлік, сол себеп су көп, тұз да көп), ішіне бүгіліп, аузы жабылған тухум-паракты лақтырамыз. Он шақтысындай лақтырып, су бетіне ығып шыққаншакүтеміз. Сол кезде 3-4 минут қайнатып, сүзгімен сүзіп аламыз. Сонда мынандай болып шығу керек:
Қаймақ, айран, қатық, соустың кез келген түрі, қатты сыр мен аскөк, тіпті жай қуырылған пиязбен ұсынуға болады))) Астарыңыз дәмді болсын!