Туған өлкем - Кәукейім
жеке
блог
блог
Кәукейім, арайлы елім, киелі елім,
Өзіңсің асқар таудай сүйенерім.
Өзіңнен ұшқан талай шартарапқа,
Сүйеді анасындай өрендерің.
Ауылдан кетсең-дағы алыс жырақ,
Сағыныш – жүректегі үлкен сұрақ.
Топырағыңды иіскемей құмарланып,
Көңілдер көншімейді-ау, сірә, бірақ.
Ұрпақпын сенде туып, өзіңде өскен,
Баураған жан дүниемді самалы ескен.
Барында Туған жерім – мен бақытты,
Ешқашан шығармаймын думанды естен.