Туған өлкем
блог
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше немесе мен үшін туған қала. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Сәтбаев қаласынан басталады. Кейбір адамдарға бұл қала кішігірім болып көрінсе, мен үшін дардай қала іспеттес. Бұл қалаға атақты әрі тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың аты берілген. Осындай атақты әлемге белгілі тұлғаның есімі берілгеніне мен қуанамын. "Әркімнің туған жері - Мысыр шахары",- дейді халық нақылы. Оны қалай дәріптесең де артықтық етпейді дегенге келеді бұл сөз.
Туған жерін сүймейтін, сағынбайтын жан жоқ шығар бұл өмірде. Қайда жүрсен де мейлі саған ең бір жақын көрінетін орын бар, ол сен үшін жердің ең сұлуы туған жерің.
"Туған жер өзің деген де, жүремін әр кез елеңдеп",- деп сөзімді аяқтаймын.