Туған күніңізбен, Шер аға!

«Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» байқауы барысында, біздің «Хан Tengri» тобымыздың сәтті өнер керсетіп жатқаны, тобымыздағы бірліктің, мақсатымызға деген жігердің зор болуынан деп түсінеміз. Сонымен қатар әрине, жетекшіміз Шерхан Талапұлының бізге көрсеткен қолдауы, ақыл кеңесінің арқасында. Байқау аяқталады, бірақ Шерхан ағаның айтқан ақыл кеңесі, байқау барысындағы жинаған тәжірибие өмірлік азық болары сөзсіз. Бүгін осы жазбаға себепші болған Шерхан ағаның туған күні. Шерхан Талапұлын шын жүректен туған күнімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта МАССАГЕТ ұжымымен үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз. Ақын жанды ағамыздың қаламы ұшталмасын дегіміз келеді. Туған күн қарсаңында ағамыз Шерхан Талапұлына өзіміздің ізгі тілегімізді арнай отырып, естеліктерге оралып, ол кісімен байқау басында қалай танысқанымызды, жетекші етіп таңдауымыздың себебін жазуды ұйғардық. Белгілі себептерге байланысты тобымыздың кейбір қатысушылары өз ойын жазуға мүмкіндіктері болмаса да, бүгінгі мейраммен жетекшімізді шын жүректен құттықтайтындарын жеткіземіз!
Жадыра Ерболған: "Мен Массагеттің бұрыннан тұрақты оқырманы болғаннан кейін жетекшіміз Шерхан ағайдың мақалаларын оқып, кейде әріптестерінің мүшәйралардан жеңіске жетіп жатқаны туралы құттықтауларын оқитынмын. Солай сырттай ағайды ақын ертінде танитынмын.

Кейіннен Массагетте оқушылар арасында байқау ұйымдастырылып жатқанын хабарлап, қатысуға досым Аят Асқарбекұлы шақырды. Артынша Шерхан ағайдың "Хан Tengri" тобының мүшесі болып шыға келдім.

 "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауында жетекшіміз Шерхан Талапұлы бізге әрқашан жеңіске әділ жолмен жетуге, қажымай еңбек етуге бағдар берді. Қиын сәттерде қолдау білдіріп, шыдамдылыққа үйретті. Әрқашан бірлікте болуға шақырды. Алдағы уақытта жетекшіміздің үмітін ақтаймыз деп сенемін.

Құрметті жетекшіміз Шерхан Талапұлы! Сізді туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Өмір жасыңыз ұзақ болсын!!!"

Аят Асқарбек: «Мен Шерхан ағаны "Жастар жырлайды" байқауы арқылы таныстым. Вконтакте желісінен ШЕРХАН ТАЛАП деп іздеп едім, бірден шықты. Ол кісіден жоғарыдағы байқау жайлы сұраған болатынмын. Содан бері достық жіберіп, өлеңдерін оқып жүрдім. Бір күндері Шерхан ағаның парақшасынан Массагеттегі байқауды көріп, қатысуды жөн санадым, байқау шарты бойынша жетекші таңдау кезінде ойыма бірден Шерхан Талапұлы түсті. Содан бері Шерхан ағаның тобындамын!

Шерхан аға бақытты болыңыз, арманыңызға жете беріңіз, Шерхан Мұртазаның жолын берсін сізге, денсаулығыңыз мықты болсын!"

 Сағыныш Тасболат: «Бүгін жетекшіміздің туған күні.Топпен ақылдаса келе блог жариялауды шештік. Дәл осындай ақылды да тапқыр достар тапқаныма қуанамын. Әрине, бұл«Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» байқауының арқасы. Жаз айын осындай тамаша етіп өткізгеніме қуаныштымын. «Хан Tengri» тобы қандай да жетістікке жетсе, ол ең бірінші біздің жетекшіміз -  Шерхан Талапұлының еңбегі. Жарыс барысында жетекшіміз өзіміздің туған ағамыздан кем болған жоқ. Ылғи бізді жігерлендіріп, сәл сүрінсек демеу болды. Бастысы топты ұйымшылдыққа шақырып, жасаған істеріміздің сапалы болғанын қадағалап отырды. , Ағайдың адамгершілігін жоғары бағалаймын. Мұндай қасиетті ағайдың санасына сіңірген ата – анасына мың алғыс! Ағайыма қазақ әдебиетінде  орнын ойып тұрар тұлға болып қалуын тілеймін!

  Ағаймен таныстығым вконтакте әлеуметтік желісінде басталды. Марлен Ғилымханов атты досымның желідегі достарының арасынан көріп достық жіберген болатынмын. Достықтықты ағай қабылдапты. Бірақ бір қызығы ағаймен байқауға дейін бірде – бір хат алмаспаппыз. Байқауға келсек жетекшілер арасыннан танитыным Шер ағамыз болды. Мінекей осылай таныстығымыз басталды. Ал тобымдағы достарым жөнінде жазсам барлығы дерлік еліміздің ертеңі болатын жандар. Олардың бойынан барлық адами қасиеттерді көрдім. Болашақта топ мүшелері және жетекшімізбен жолығып достығымыз одан әрі жалғасады деп ойлаймын. Осындай достар сыйлаған Массагетке рахметімді айтып, порталға шығармашылық табыстар тілеймін!»

Ақерке Ерболған: «Сәлем Массагеттіктер! Бүгін біздің топтың жетекшісі Шерхан Талапұлының туған күні. Байқауға әпкем Жадыраның шақыруымен келген едім. Осы уақытқа дейін байқауда әрқашан бізді демеп, қол ұшын созып, қолдағаны үшін Шерхан ағайға алғысым шексіз! Қанша қиындықтарға кезіксекте, ағай бізге дұрыс жолды көрсетіп, қиындыққа мойымауды үйретті.     

Шерхан ағай! Сізге өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін! Қаламыңыз әрдайым ұштала берсін!Туған күніңізбен!»

Дина Бөкебай: "Мен Шерхан Талапұлын Жас өркен арқылы танимын. Ол әйгілі Ақ Желкен журналында тілші болған еді, мен қатты қызығатынмын. Әрі ақын, әрі журналист Шерхан аға өлеңдері өзінше бөлек әлем, бөлек әңгіме ғой. 
Арман қалам - ай, жағама жармаса берме, 
Ақ Жайық маған Қадірді жоқтатпа деді! -дейді Шерхан. Ендеше, Батыстың шайырын туған күнімен құттықтап, ақындық бақыт тілеймін!"

Мұятов Даулетбақ: «Мен алғаш байқауға қатыспақ болған кезімде,  топтар тізімінде  қатысушылар тізімі  толмаған «Хан tengri»(қазіргі біздің топ) тобына  көзім түсті. Қатысушысы тола қоймағанынан емес, тек жетекшінің есімі маған таныс көрінді(араласып жүрген жандай). Мен ойланбастан пікірге жетекшімді "Шерхан Талап" деп жаздым. Жақында Шерхан ағаның парақшасынан оның ақындығы барын білдім. Осыдан кейін ғана мен ол кісіні неге жетекші етіп таңдағанымды түсінгендей болдым. Себебі өлеңді керемет шығармасамда  кейде ақ қағаз бетін шимайлайтыным бар-тын. "Жыр перзенті - бір анадан " деген апайымның сөзін енді ұққандай болдым. " Олар біріне бірі бауыр, бір-бірін алыстан таниды" дегені мен үшін расқа айналғандай болды.

Шерхан аға бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында болыңыз».

                              Шыңға шықсақ жігерленіп, қуанамыз,
                              Қиын істе қаймықпай шыңдаламыз.
                              Хан Тәңірлік достардың тілегі бұл – 
                              Шерхан аға өмірде жүз жасаңыз!

P.S. Байқауда аяғына жақындап қалды. Барлық қатысуышлардың бағдар көрсетіп, ақылымен бөлісер жетекшілері жайында өз айтарлары бар деген ниеттеміз. Сол себепті бір сәтке байқаудың алғашқы күнін еске алып, өз жетекшілерімен қалай танысқаны жайлы, оны таңдауына не себеп болғаны жайлы баяндайды деген ниетпен, бұл жазбаны эстафетаға ұластырғанды жөн көрдік. Хан Тәңірліктер эстафета таяқшасын Томирис тобына табыстайды.Сәттілік!  





Бөлісу: