Құрметті Айгүл Болатханқызы!
Сізге деген тілекпен, шын жүректен:
Туған күн құтты болсын, Әпкесі! Массагеттік марқасқалар шілденің мамыражай бүгінгі күнінде Сіздің жеке мерекеңізді бөліскелі отыр. Телегей тілегімізді, қабыл алғайсыз!
Бұл күн - арманды арманға жалғап, қызықты күндерді жалғастырар күн болсын деп, Сізге екі дүниенің асылын тілеймін. Сіздің "массагет" арқылы "Казнетке" қосып отырған үлесіңіз, жастарға үлкен сабақ екенін айтқым келеді. Сіздің "он.кз-ке, массагетке" жазған әрбір жазбаңыздан тәрбие мен тағылым жолдары айрықша көрінеді. Өйткені, барша қазақтың келіні Зейнеп апаның туындысын темірқазық тұтып, көпшілікке үлгі болса деген ниетіңізді байқаймын. Сіз жақсы адамдардың жақсылығын айтудан, іскерлігін құптаудан шаршамауға тырысып, жүрегіңіздің мейірімділігін көрсетесіз, әр сөзіңізбен. Сол үшін Сізді жақсы көремін. Елік қызыңыз үшін қуанып сөз қозғағаныңызға қарап, шіркін, сөзімді сөйлеп отыратын Айгүлдей апкем болса деймін да. Тіпті қызғанып кетемін Сізді)). Эля, ренжіме жаным!))
Айналайын Айгүл апке! Сізді бақытты жан деп білемін. Айналаңыз жақсы адамдармен толығып, ажарланып, қайраттана түсіңіз. Күлкісіз күніңіз болмасын. Алла Тағала, барлық ісіңізге абырой беріп, жүз жасаңыз!!!